Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Қазақстан тарихы

Қазақстан аумағындағы жартастардағы өрнектер
Жартастардағы өрнектер

өткеннің сан алуан тарихи ескерткіштерінің ішінде жартастағы өрнектер (андрондық мәдениетті қараңыз), бедерлер мен әшекейлер көрнекті орын алады. 

Қазақстан аумағында тас немесе металл құралдармен жартастарға ойып салынған суреттер - петроглифтер деп аталатын ескерткіштердің бірінші бұл түрі ерекше тараған. өздерінің көркемдік құндылығы жөнінен орны бөлек жартастағы "полотнолар" ертеден өздеріне ескілік көздері мен өнері әуесқойларының назарын аударған . 

Қазақстандағы жартастағы бейнелер туралы еске салулар XI ғ. атақты ортағасырлық ғалымы әл-Бируниге тиісті, ол қимақтар еліндегі жергілікті халықтың табынатын нысандары қызметін атқарған жұмбақты суреттер туралы айтқан. Қазақстанда бүгінде жартастағы бейнелердің 130-дан астам ірі жинақталған орны бар. . Алайда бұл ақтық цифрлар емес, өйткені алғашқы адамдардың ежелгі ғибадат орындары туралы жаңа деректер жыл сайын түсіп жатады. 

Бәрінен көп петроглифтер жоғарғы Ертіс, Балқаш бойынан, Жетісудан және Оңтүстік Қазақстаннан табылды. Мұнда Батыс Алтайдың, Іле, Жоңғар Алатауларының және Қаратаудың көрікті шатқалдарының сілемдерінде "шөлдік күнге күю" деп аталатын темір мен марганец тотықтарының тамшыларынан жиналған жылтыр қабыршақтармен жабылған жартастар мен қойтастар мол. Петроглифтер тек мұнда ғана емес, олар республиканың басқа аудандарында, мәселен, Орталық Қазақстанда, Маңғыстауда көп . 

Органикалық құрылымдар мен күн сәулесі қуатының күрделі әрекеттесуі нәтижесінде пайда болған жартастардың қара жылтыр беттері тастағы жазуларды іздестіруде тамаша жолсілтер бола алады. 

Ертедегі суретшілер өз өрнектеріне тастарды әрдайым көбірек күн көзі түскен таудың оңтүстік және шығыс еңісінен таңдаған; "тотықтың" қара фонында қашалған ашық сурет ерекше айқын көрінеді . Қазақстандағы ежелгі өрнек салушылардың 

XIX ғасыр петроглифтердің жинақталған ірі аудандары - Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан туралы көптеген жаңа деректер әкелді. Республиканың шығысында - Тарбағатай, Нарын, Қалба, Монрақ және Сауыр тауларында өткен ғасырдың 40-50 жылдары "сурет" галереяларының тізбегі табылды. 
бейнелеудегі ұнамды тәсілі бұлдыр кескін болды . Мұндай суреттерді жасау барысы көбіне үш кезеңнен тұрады: алдымен жонғыш-белгі салушымен кескінің ұзындық нобайы жасалады, содан кейін құралдың өткір ұрғы бөлігімен бейнелеу шегіндегі тотықтың (патина) қара қабыршағы алынады және, ақырында, бүкіл бұл тереңдетілген бұлдыр кескін қосымша өңдеуге-тегістеп қырнауға салынады. Пішінді қашаумен немесе науашалы оюмен, әлде бүкіл бұлдыр кескін аумағында нүктелі қашаумен жасалған суреттер жиі ұшырасады . Кейбір бейнелеулерде өрнектеудің бір емес, екі-үш техникалық әдістері қолданылған . 

Жартастардағы бейнелердің көпшілігін б.д.д. 2-ші, 1-ші мыңжылдықтардың шеберлері жасаған. Олардың арасында Теректідегі , Тесіктастағы және Қараүңгірдегі бұғылар өрнектері, сондай-ақ Орталық Қазақстандағы Тесіктас үңгірінің төбесіндегі сол аңдардың қызыл бояулы суреттері бар. Алайда, олар, сірә, қазақстандық петроглифтердің көзі бола алмайды. Кейінгі палеолитке жататын Ленадағы тамаша шишкиндік жазулар және таяуда ашылған Оралдағы Қап үңгіріндегі мамонттардың бояулы суреттерінің галереясы Қазақстанда да уақыты жеткенде тас дәуірі адамының алғашқы өнер үлгілері табылатынына үміттенуге мүмкіндік береді. 
Жартастардағы өрнектердің басты нысаны адамды қоршаған жануарлар әлемі және де ол күн сайын аң аулауда және күнделікті өмірде бетпе-бет келген оның бейнелері болып табылады . 

Жартастағы өнердің мағынасын ашуда әлі де ақтаңдақтар көп, өйткені тастағы оймаларда тұрмыстың жай суреттері, қазір ғана орын алған оқиғалардың сызбалары ғана бейнеленбеген . Жартастағы бейнелер - ертедегі адамның оған таныс жануарлар әлемі образдары түрінде білдірілген, оны қоршаған шындық туралы жинақталған мифтік түсініктерінің жемісі. Басқаша айтқанда, петроглифтерде ежелгі нанымдар көлеңкесі арқылы өткен алғашқы адам мен малшы өмірі бейнеленген , мұнда құдай деп танылған шындық пен болашақ туралы армандар тұтасып кеткен. Табиғат күштеріне толық тәуелділік, оның түсінігі бойынша, өзіне аман-есендік, туған-туысқандарына денсаулық және аңшылық кәсіпшілігіне табыс әкелуге тиісті жаратылыстан тыс күштермен адам табиғатты толтыруға әкелгенде, бұл түсініктердің тамыры терең тұңғиыққа кетеді. 

Уақыт өте келе жартастардағы өнер жаңа сюжеттермен және бейнелермен толыға түсті. Оларда аңшылық өмірдің стихиясы, солярий ғибадаты мен құнарлылық ғибадатының рәміздері нақты көрсетіледі, ақырында, суреттер мифтердің, эпикалық аңыздардың ауызша мәтіндерін сыйпаттады. Алуан түрлі өсімдіктерге бай және мөлдір тау бұлақтары мол көрікті сайларда кейде тіптен жүздеп, мыңдап жартастардағы суреттер кездеседі . Мұндай орындар рулық ғибадатхана, өзіндік діни храмдар ретінде пайдаланылды, бұл жерлерде рулық және тайпалық табиғат оянуларының мерекелері өткізілді, түрлі діни рәсімдер орындалды. 

Тастағы ежелгі суреттердің ең бір тартымды орны Алматы қаласынан батысқа қарай 170 шақырым жердегі Су-Іле тауларының оңтүстік-батыс бөлігіндегі Таңбалы сайынан кездеседі. А.Г.Максимова 1957 жылы зерттеген жартастағы оюлар сюжеттерінің ерекшелігімен және байлығымен мамандардың бірден назарын аударды. Бұл сайдағы кемінде мың сурет зерттелінді. Олар қола дәуірінен басталып, түріктер уақытына дейінгі кезге дейін созылған екі мыңжылдықтың барысында жасалды . 

Жатқан бұғыларды бейнелеу сыйпаты жөнінде топтардың бірі аң стиліндегі скиф-сақ-сібір бұйымдарымен тығыз қабысады және болжалды түрде ерте темір дәуіріне жатқызыла алады. Басқа суреттер, мәселен, далалық бөкендер немесе жабайы өгіздер әлі стильдендірумен қиындатылмаған және, бәлкім, скифтік-сақтық торевтиканың көркем прототипі болып табылады. 

Аңдар мен үй жануарлары, аң аулау көріністері бейнелерінің арасында табыну сыйпатындағы желілер тобы ерекшеленеді. Бұл - "билеген адамдардың" қол ұстасып әндеткені, қасиетті ағаштар көлеңкесіндегі күн әлпетті адамдардың ірі мүсіндері, және аң терілерін киінген және қолдарында дабылы бар бақсылар орындайтын жоралғы қимылдар көріністері . 

Көптеген жылдарын ежелгі тастағы жазуларды зерттеуге арнаған А.П.Окладников ертедегі эвенкі әңгімесінің қызықты жазбаларын келтіреді. Эвенкілер жылына бір рет мерекеге жиналып, оның басты оқиғасы "аулау, аңшылық сәттілік, бақыт" болған ерекше ғұрып еді. Бұғы терілерін жамылған, басына мүйіз байлаған аңшылар рулық қасиетті орындарда-тастарда, жартастарда және ағаштарда аңдарды таң-тамаша қалдырған сиқырлы билерді бірнеше күн орындаған. 

Көне көздің бұл әңгімесі Тамғалы сайындағы би билеуші адамдардың жұмбағына жарық түсіріп қоймайды, сонымен бірге аңшылық дуа мен кәсіптік табынудың ежелгі дәстүрлерінің таңданарлық өміршеңдігін баса көрсетеді. ¦жымдық билердің мұндай көріністері айтарлықтай кең тараған. Олардың Жетісудың Шолақ тауларының жартастарынан көруге болады. Жақында мұндай сурет Жуалы шұңқырындағы Габаевка селосына жақын жердегі жартастан табылды. Сондай табынушылық идеялары Сібір мен Кавказдағы, ‡ндістан мен Африкадағы, Скандинавия мен Шығыс Европадағы басқа да ежелгі тайпалар мен халықтарға бірдей жақын болған. Оларда шын мәнінде ертедегі адамның психикалық құрылымының белгілі бір тарихи дәуірмен бірлігі көрініс тапқан. 

Бірақ салт жоралық билер тек аң аулау тақырыбымен ғана байланысты болмаған. Жоғарғы Ертіс, Қаратау қыраттары жартастарындағы бейнелеулер сияқты, Тамғалыда наным-сенімнің тағы бір шеңбері ертедегілердің түсінігі бойынша, көктемгі молшылық пен құнарлылықтың сиқырлы күшін білдіретін май - мамыр ағашы төңірегіндегі мейрам айқын көрінеді. Тамғалы сайындағы жартастарда қашалған адам кейіпті тәңірі космогония идеясын, күн бейнесінің құнарлылық пен гүлденген табиғат табынуымен тығыз байланысы туралы түсінікті білдіреді . Жартастағы суреттерде тарихи дамуының түрлі кезеңдеріндегі адамның рухани өмірі туралы, және де басқа тарихи түпнұсқалар әдетте жұмған аузын ашпайтын жақтары туралы аса бай ақпарат жасырынған. 

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: nauriz (31.01.2014)
Просмотров: 2092 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4013
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 6
Қонақтар: 6
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!