Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Қазақстан тарихы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҮРДІСТЕР

Семинарда талқыланатын сұрақтар:

1.ҚР индустриалды-инновациялық даму стратегиясы.

2.Экономиканың аграрлық секторының дамуы. Ауылды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.

3.Әлеуметтік құрылым: зейнетақылық және тұрғын үй реформалары, денсаулық сақтаудың дамуы.

 

Студенттің өздік жұмысына тапсырма

Реферат тақырыптары:

1.      ҚР инновациялық даму бағдарламалары

2.      Ауылды дамыту бағдарламаларының жүзеге асырылуы

3.      Тұрғын үй бағдарламасының негізгі бағыттары

4.      ҚР денсаулық сақтаудың кластерлік жүйесінің қалыптасуы.

 

Әдебиеттер:

1.      Назарбаев Н. Казахстан на пороге нового рывка вперед в своем развитии. Алматы., 2006.

2.      Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства. – Алматы, 1992

3.      Қазақстан-2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы// Ақиқат 1997, №12.

4.      Райханов Н.Ауылдағы жекешелендіру: үміт пен күдік. //Ақиқат 1993, №10.

 

Семинар сабағына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар

Қазақстан халқын әлеуметтік қорғау өзінің саяси-экономикалық доктринасын қайта құрушы мемлекет үшін реформаландырудың аса күрделі және ауыр бөлімдерінің бірі болды. Тұрғындардың еңбекпен қамтылуы экономиканың барлық салаларында, әсіресе кәсіпорындарда, құрылыста және ауылшаруашылығында төмендеді. 1991-1995 жылдары экономиканың салаларындағы жалпы еңбекпен қамтамасыз етілгендердің жылдық орташа мөлшерінің төмендеуі 3,7% құрады. Қазақстан Республикасының алдында әлеуметтік реформалар жүргізудің тетіктерін анықтау міндеті тұрды. ҚР еңбекпен қамтамасыз етудің бірінші бағдарламасы 1991 жылдың маусымында дайындалды және бекітілді. Мұнда әлеуметтік қорғаудың дәстүрлі қалыптарынан басқа жұмыссыздық бойынша төленетін төлемақы төлеу, үйрету мен білімін көтеру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру шаралары қарастырылды. 1994 жылы Министрлер Кабинеті еңбекпен қамтамасыз етуге көмек беруші Қордың қаражатынан жұмысшы орындарын құруға кететін, несие беруге, қызметшілерді босатуға тоқтау салатын және басқа бір қатар қаулылар қалыданды. Республиканың барлық аймақтарында әлеуметтік реформалар баяулау болса да жүріп жатты.

 Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуы мемлекеттік экономикалық саясатқа бағытталған. Оның негізгі бағыттары келесідей:

• өндеуші өнеркәсіптің өнім шығару деңгейінің негізгі қорларын жоғарылату;

• кәсіпкерлікті дамыту; қоғамдық институттардың құрылымы мен мазмұнын өзгерту;

• жоғары сапалы, экспортқа шығуға мүмкіндігі бар өндірісті дамыту;

• елдің экспорттық әлеуетін диверсификациялау; сапаның әлемдік стандартына көшу;

 аймақтық және әлемдік экономикамен интеграциялық дамуды қамтамасыз ету; ауыл өмірін жақсартуды жан-жақты қарастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасында ауылды дамыту бағдарламасы келесідей міндеттерді алдына қояды:

-ауылдық жерлердегі әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштеріне сараптама жасау;

-ауылдарды әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне сәйкес топтастыру;

- ауылдық округтардың экологиялық қауіпсіздігіне мониторинг жасау, жер ресурстарын бағалау;

ҚР әлеуметтік дамуы мемлекеттің экономикалық моделдеріне сәйкес негізінен зейнеткерлер өмірі деңгейімен бағаланады. Әртүрлі елдерде  әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері түрлі деңгейде шешіледі, сондықтан да ол ең алдымен зейнеткерді қамтамасыз етуден бастау алады. Соңғы жылдары Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалары жағымды жайттарға толы. Республикада зейнетақылық жүйесі тиімді жолмен шешіліп, зейнеткерлердің өмір деңгейін көтеруге мүмкіндік болынан болып отыр. 

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: nauriz (31.01.2014)
Просмотров: 1492 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4009
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!