Главная » Статьи » Қазақстан тарихы |
Семинарда
талқыланатын сұрақтар: 1.Қазақстанның ядролық қарусыз беделі 2.Қазақстан - әлемдік қауымдастықтың толық құқықты мүшесі. Қазіргі заманғы
қазақстандық дипломатияның қалыптасуы.
Студенттің өздік жұмысына тапсырма Қ.Тоқаев "Дипломатия Республики
Казахстан” еңбегі негізінде мынадай мәселелерді қарастыру қажет: - Қазақстанның геосаяси жағдайы және сыртқы
саясаттағы мүмкіндіктері - Қазақстанның ТМД орны мен рөлі. - Қазақстан және Азия аймағы - Қазақстан және Халықаралық ұйымдар. Реферат
тақырыптары: 1.Қазақстанның экономикалық
даму стратегиясы 2. Қазақстан мен Ресей
Федерациясы қарым-қатынасы 3. Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынасы 4. Қазақстан мен еуропалық елдер арасындағы қарым-қатынасы 5. Қазақстан мен Азиялық-Тынық мұхит елдері арасындағы қарым-қатынасы 6. Қазақстан мен Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы 7. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты 8. ЕҚЫҰ Қазақстан Республикасының төрағалық етуі. 9. Тәуелсіз Қазақстанның дипломатиялық қызметі: қалыптасуы мен дамуы.
Әдебиеттер: 1.Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития
Казахстана как суверенного государства. – Алматы, 1992 2.Қазақстан-2030.
Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы// Ақиқат 1997, №12. 3.Назарбаев Н.А. Евразийский Союз: идеи, практика,
перспективы. 1994-1997. – М., 1997. 4.Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. -Алматы: Атамура, 2003 5.Актуальные
проблемы внешней политики Казахстана. Сб.статей / ред.совет К.К.Токаев. М., МИД
РК 1998. 6.Абулпатаев
С. Қазақстан дипломатиясының кезеңдері // Ақиқат 1997, №8. 7.Асқар
асулар алда. Елдегі жағдай және 2002 жылғы ішкі және сыртқы саясаттың негізгі
бағыттары туралы Республика Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. //Ақиқат
2001, №10 8.Токаев
К.К. Очерки о внешней политике Казахстана. А., 1997. 9.Токаев
К.К. Дипломатия Республики Казахстан. Астана, 2001. 10.Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттар бюлетені. 1993-2003.
Семинар
сабағына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар ХХ ғасырдың 90 жылдары –
халықаралық істердегі бұрынғы қатынастар түбірімен өзгерді. ҚР алдында
халықаралық саяси жүйеде өзінің бағыт бағдарын анықтау мәселесі тұрды. ҚР
сыртқы саясатының тұжырымдамасын Президент Н.Ә.Назарбаев 1992 жылы мамыр айында
«Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы»
атты еңбегінде атап көрсетті. Сыртқы саясаттың қалыптасу кезеңі төмендегі
міндеттерді жүзеге асырудан басталады: - Қазақстан Республикасының жаңа
сипатын таныту; - Қазақстанды халықаралық
дәрежеде мойындату, ҚР-ның қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету; Әлемдік деңгейдегі шаруашылық
жүргізу және экономикалық байланыстарға белсене араласу. 1991 жыл Қазақстан үшін жалпы
одақтық кеңістіктен, тәуелсіз дамуға өтудің өтпелі кезеңі болды. 1991 жылғы
тамыз бүлігі және Беловежье кездесуі тұтас мемлекеттің күрделі де ауыртпалывқты
ыдырауының бастауы болды. ТМД құрылып, бұл сыртқы саясатта өзіндік саяси
бағамының және бұрынғы кеңес Одағы республикаларымен интеграциялық процестің басталғанын
көрсетті. 1992 жылы-Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастыққа ене бастауы,
интеграциялық процестің тереңдеуімен сипатталады. Әлем Қазақстанның
тәуелсіздігі мен егемендігін мойындады. Еліміз халықаралық ұйымдардың
мүшелігіне қабылданды. 1992 ж. қаңтарда Еуропаның қауіпсіздік және өзара көмек
Ұйымына мүшелікке кірді. Қазақстан өзінің сыртқы саясат
тұжырымдамасында көрші мемлекеттермен арадағы өзара қарым-қатынасқа айқын
басымдық берді. 1995 жылы 15 ақпанда сыртқы саясат мәселелеріне арналған мәжілісте
еліміздің сыртқы саясатының тактикалық және стратегиялық міндеттері белгіленді.
1997 жылы 12 қарашада «Дипломатиялық қызмет туралы» ҚР Заңы қабылданды. Еліміз
көрсетілген шарттарға қосылды: -
Стратегиялық шабуыл қару-жарағын шектеу мен қысқарту
туралы; -
Орта және таяу қашықтықтағы ракеталарды жою туралы; -
Еуропалық кәдімгі қару жарақ күштері туралы; -
Ядролық қаруды таратпау туралы. Қазақстан дипломатиясының алдында
төмендегідей міндеттер қойылды: -
елімізде шетел инвестициясына кең өріс ашу; -
елімізде сыртқы саясаттың қалыптасуы кезеңінен өтіп, жаңа
тарихи жағдайдағы мемлекеттің бекіп, оны одан ары жетілдіру; -
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. | |
Просмотров: 2789 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2] |
Патриоттық және мерекелер т.б [16] |
Шет ел әдебиеті мен тарихы [31] |
Шағын көлемді шығармалар [60] |
Әлеуметтану, саясаттану [69] |
Философия және логика [13] |
Қазақ тілі және тіл білімі [104] |
Елді мекендер, қалалар [2] |
Агро,шаруашылықтар [9] |
Курстык жумыстар [17] |
Ғылыми жұмыстар [62] |
Қазақстан тарихы [114] |
Тарихи тұлғалар [132] |
Еуразияшылдык [16] |
Ашық сабақтар [56] |
Дүние тарихы [30] |
Мәдениеттану [7] |
Информатика [68] |
Астрономия [61] |
Психология [6] |
Переводчик [4] |
Математика [14] |
Педагогика [77] |
Дипломдар [10] |
География [82] |
Биология [133] |
Экология [3] |
Дінтану [32] |
Физика [33] |
Химия [13] |
Құқық [27] |
Еңбек [7] |