Главная » Статьи » Қазақстан тарихы |
Әдебиеттер:
Семинар сабағына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар Семинар сабағына дайындықты ерте
феодалдық түрік мемлекеттері туралы мәлімет беретін негізгі жазба және заттай
деректерге сүйеніп, әңгімелеуден бастау қажет.
«Түрік» этнониміне жарқын түсінік беретін қытай жазба деректерін ерекше
атап көрсету қажет. Бірінші сұрақ бойынша түрік тайпаларының географиялық таралуын,
ерте түріктердің IV-VI ғғ. Алтайдан Каспийге дейінгі қозғалысының себептерін айту қажет. Алғашқы түрік қағандарының саяси қайраткерлігіне ерекше көңіл бөлу керек. Сонымен бірге, б.э.д. VII ғ. түрік қоғамының құлдырауының экономикалық және саяси себептерін білген жөн. Түрік империясының құлауына себеп болған ішкі және сыртқы жағдайлар жайлы ойланыңыздар. Империя екіге бөлінгенде шекара қандай болды, Батыс Түрік қағанатының құрамына қандай жерлер кірді? Батыс Түрік қағанатының әлеуметтік құрылымын сипаттап, оның ерекшеліктерін, мүліктік теңсіздіктің пайда болу себептерін жете көрсеткен жөн. Ортағасырлық деректерде Батыс Түрік «он оқ бұдын» мемлекеті ретінде белгілі. Түрік қоғамының ондық жүйесінің ұйымдасуына тоқталып, осы жүйенің негізіне рулық, территориялық-әскери алғышарттар әсер еткенін көрсетіңіздер. Батыс Түрік қағанаты тайпаларының шаруашылығы жайлы айтқанда, малға
жеке меншік пен
жайылымды қоғамдық меншік ретінде пайдаланғанын айта кету керек. Екінші сұрақты қарастырғанда түріктердің араб және қытай қысымына қарсы күресіне талдау жасай отырып, түркештердің (704-756жж.), қарлұқтардың (756-940жж.) рөліне тоқталу қажет. Түркеш қағаны Сұлудың VIII ғасырдың басында арабтарға қарсы күресі мен оның жеңісінің түргештер династиясының өркендеуіне әкелгені жайлы айту керек. Ерте түріктердің тағдырына үлкен әсер еткен Сулу қағанның дипломатиялық өнері мен қолбасшылық дарынына баға беріңіздер. 751ж. Атлах шайқасындағы араб-қытай күресінің тарихи рөлін көрсетіңіздер. Қазақ тарихында бұл шайқас немен ерекше болғанын түсіндіріңіз. Сабаққа дайындалу барысында бұрын соңды жарық
көрген еңбектермен қатар жаңа очерктер мен кiтаптар, жинақтар мен монографиялық
еңбектер, ғылыми мақалалар мен тың материалдарды қолдану талап етiледi. | |
Просмотров: 1390 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2] |
Патриоттық және мерекелер т.б [16] |
Шет ел әдебиеті мен тарихы [31] |
Шағын көлемді шығармалар [60] |
Әлеуметтану, саясаттану [69] |
Философия және логика [13] |
Қазақ тілі және тіл білімі [104] |
Елді мекендер, қалалар [2] |
Агро,шаруашылықтар [9] |
Курстык жумыстар [17] |
Ғылыми жұмыстар [62] |
Қазақстан тарихы [114] |
Тарихи тұлғалар [132] |
Еуразияшылдык [16] |
Ашық сабақтар [56] |
Дүние тарихы [30] |
Мәдениеттану [7] |
Информатика [68] |
Астрономия [61] |
Психология [6] |
Переводчик [4] |
Математика [14] |
Педагогика [77] |
Дипломдар [10] |
География [82] |
Биология [133] |
Экология [3] |
Дінтану [32] |
Физика [33] |
Химия [13] |
Құқық [27] |
Еңбек [7] |