Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Қазақстан тарихы

Қазақстан тарихының аса маңызды кезеңдері
Қазақстан тарихының аса маңызды кезеңдері

1. Қазақстан тарихы да дүние жүзі тарихы сияқты үлкен төрт кезеңге бөлінеді. 
2. Ежелгі Қазақстан (б.з. V ғ. дейін), Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI – XVII ғғ.) Жаңа замандағы Қазақстан (XVII – XIX ғғ.), Қазінгі заманғы Қазақстан (XX ғ.). 
3. Ең ұзақ кезең – Ежелгі Қазақстан тарихы, ол бір миллион жылға жуық уақытты қамтиды. 
4. Ежелгі Қазақстан – тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуіріне бөлінеді. 
5. Тас дәуірі барлық құралдар тастан жасалған дәуір. 
6. Қола дәуірі барлық құралдар қоладан жасалған дәуір. 
7. Темір дәуірі барлық құралдар темірден жасалған дәуір. 
8. Қазақстанда ең алғашқы адамдар мұнан бір миллион жылдай бұрын пайда болған. Мұндай жаңалықты ашқан археолог Хасен Алпысбаев. Ол 1957 жылы Жамбыл облысының Талас ауданындағы Қаратаудағы Тәңірқазған, Бөріқазған деген үңгірлерден ең ежелгі өмір сүрген адамдар тұрағын тапты. 
9. Алғашқы адамдарға жеке-жеке жүріп өмір сүру қиын болғандықтан топтасып жүретін болды. Осыдан бірте-бірте ру пайда болды. Көп уақыт өткеннен кейін бірнеше ру тайпаға бірікті. 
10. Біздің жыл санауымызға дейін-ақ Қазақстан жерінде сақтардың, ғұндардың, сарматтардың ірі-ірі тайпалары болды. 
11. Біздің жыл санауымыздың бас кезінде қазіргі Қазақстан жерінде үйсін, қаңлы, ғұн және басқа да ірі тайпалардың мемлекеттері болған. 
12. Біздің жыл санауымыздың бас кезінде-ақ Қазақстан жеріндегі халықтардың сол заманға лайық шаруашылығы, кәсібі болды. 
13. Оларда мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, қолөнер кәсібі, металл қорыту, аң аулау т.б. дамыды. 
14. Шаруашылықтың арасында мал шаруашылығы басым дамыды. Бұған Қазақстан жері қолайлы болды. 
15. Қой, жылқы өсіруге көп көңіл бөлінді. Олардан кейін көп өсірілген түйе. Сиыр аз өсірілді. 
16. 1960-жылдардың аяқ кезінде археолог ғалымдар Есік қаласына (Алматыға таяу) жақын жердегі обадан «Алтын киімді адамды» тапты. Ол мұнан 2500 жылдай бұрын жерленген жас жігіт екен. 
17. Марқұмға кигізілген бас киімнің, бешпенттің, етегінің қонышының сыртына алтыннан жасалған түрлі ұсақ: аттың, барыстың, тау текенің, құстардың бейнелері жапсырылған. Олардың саны төрт мыңдай. 
18. Біздің заманымызға дейін II ғасыр мен б.з. XV ғасыры аралығында Еуропа мен Азияны байланыстыратын «Ұлы Жібек жолы» қызмет істеді. Ол Қазақстан жерімен өтті. 
19. ІХ ғасырда арабтар Орта Азия мен Қазақстанның біраз жерін басып алды. Осыдан бастап Қазақстанға ислам діні тарай бастады.
20. 1218 жылы Қазақстан жеріне моңғол шапқыншылығы басталды. 
21. 1219 жылғы қыркүйекте моңғол жаулаушылары Отырар қаласын қоршады. Ұлы Отырар шайқасы басталды. Қаланы қоршауға қала басшысы Қадырхан басшылық етті. 
22. XV ғасырда қазақ халқы қалыптасып болды. Оның негізін құраған Үйсін, Қоңырат, Керейт, Маңғыт, Қыпшақ, Найман, Арғын, Байұлы, Әлімұлы, Дулат және басқа да көптеген рулар мен тайпалар. 
23. XV ғасырдың 50-60-жылдарында Қазақ хандығы құрылды. Оған ұйтқы болған, алғашқы қазақ хандары деген жоғары атаққа ие болған Жәнібек пен Керей. 
24. Қазақ хандығы тез ұлғайды. XVI ғасырдың басында оның жер көлемі едәуір кеңейіп, халқының саны бір миллионнан асты. 
25. Қазақ хандығының – мемлекетінің XVI – XVII ғасырларда ұлғайып, нығаюына үлес қосқан: Қасым хан (1511-1523), Ақназар хан (1538-1580), Есім хан (1598-1628), Тәуке хан (1680-1718). 
26. Орта ғасырлардағы Қазақстанның атақты қалалары: Түркістан, Отырар, Тараз, Сауран, Сайрам (Испиджаб) т.б. 
27. Орта ғасырлардағы белгілі тарихи-мәдени ескерткіштер: Ахмет Иассауи мазары (Түркістанда), Айша-Бибі мазары (Тараз қаласының жанында), Бабаджа қатын (бұл да сонда), Жошы Хан күмбезі, Алаша хан күмбезі (Орталық Қазақстанда). 
28. Қазақстан жеріндегі ортағасырлық ғалымдар: Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж.), Жүсіп Баласағұн (ХІ ғасыр), Махмұд Қашқари (ХІ ғасыр), Ахмед Иассауи (ХІІ ғасыр), Өтейбойдақ Тілейқабылұлы, Мұхамммед Хайдар Дулати, Жалайри Қосынұлы (ХV-ХVI ғғ.) 
29. Орта ғасырларда Қазақстанда басқа да көптеген ғалымдар болған. Бұған бір ғана Отырарда Әбу-Насыр әл Фарабиден басқа да онға жуық әл-Фарабилер болғаны дәлел 
30. XVI ғасырдың соңынан бастап 1755 жылға дейін қазақ халқы жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық, тәуелсіздік үшін шайқасты. 1755-жылы Жоңғар мемлекеті біржола жеңілді, тарихтан аты өшті. 
31. Жоңғарларға қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылар: хандар – Тәуке, Әбілқайыр (Кіші жүз ханы), Абылай; билер – Төле, Қазыбек, Әйтеке; батырлар – Қабанбай, Бөгенбай, шапырашты Наурызбай. 
32. 1731-1917 жылдар аралығында Қазақстан Ресей империясы қоластында болды. Кіші жүз «еркімен» қосылды, қалған жердің бәрін жаулап алды. 
33. Ресей империясы Қазақстанда екі жүз жылдай отарлау саясатының барлық қитұрқы әдіс, тәсілдерін қолданды, қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің дамуына барынша кедергі жасады. 
34. Қазақ халқы Ресей отаршылдарына қарсы, азаттық алу үшін үш жүздей рет қозғалыстар, көтерілістер, наразылықтар ұйымдастырды. Олардың ең ірілері ХІХ – ХХ ғасырларда болды. 
35. Патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы 1836-1838 жылдары Исатай мен Махамбет, 1837-1847 жылдары Кенесары хан, 1916 жылы А. Иманов, Ә. Жангелдин, Ә. Жанбосынов т.б. басшылық еткен, ұлт азаттық қозғалыстар болды. 
36. ХІХ ғасырдағы қазақтың белгілі ағартушы ғалымдары: Шоқан Уәлиханов (1835-1865), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889), Абай Құнанбаев (1845-1904) 
37. 1917 жылы Қазанда Қазақстанда Кеңес Өкіметі орнады, ол өкімет 1990 жылға дейін өмір сүрді. 
38. ХІХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында қазақ халқының бақытты келешегі, ұлттық тәуелсіздігі үшін күресуші үлкен зиялы топ қалыптасты. Олардың басшылары: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқаев, Міржақып Дулатов, Тұрар Рұсқылов, Мұхамеджан Тынышбаев т.б. болды. 
39. 1920-жылы Қазақ Автономиялы Кеңес Социалистік Республикасы, ал 1936-жылы Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы құрылды. 
40. 1941-1945 жылдардағы Отан соғысында асқан ерлік көрсеткені үшін 500-дей Қазақстан Кеңес Одағының батыры атағын алды. Бұл жоғары атақты Л. И. Беда, С. Д. Луганский, Т. Ж. Бигелдинов, И. Ф. Павлов екі мәрте алды. Әлия мен Мәншүк Кеңестік Шығыс Қыздарынан алғаш реет Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 
41. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзін Егеменді Республика деп жариялады. 
42. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанда Президент сайлауы болды. Президент болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. 
43. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзін тәуелсіз Республика деп жариялады. 
44. 1992 жылы Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайы өтті. 
45. 1995 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды

Дайындаған: Т.Т.Тұрлығұл, 
Пед. Ғылымдарының докторы, профессор

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: nauriz (31.01.2014)
Просмотров: 1388 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4008
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!