Главная » Статьи » Қазақстан тарихы |
Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңы Әділетсіздік негізінде құрылған Версаль-Вашингтон жүйесі 1929-1933 жылдары дүнижүзілік экономикалық дағдарыс қысымына шыдай алмай ыдырады. Европада ірі копиталисттік мемлекеттер арасындағы қайшылықтар арта түсті. Монополисттік топтардың қолдауымен өкімет басына келген фашисттік күштер әлемді қайта бөлуге бел байлады. 30 жылдар басында соғысты жақтаушы елдердің саны санаулы ғана болды. Соғысты жақтамайтын елдердің орасан көп болуына қарамастан, олардың ой-пікірлері, үміті іске аспай қалды. Әлемдегі тыныштықты бұзып дүниежүзін қайта бөлуді көздеген мемлекеттер қатарына Германия, Италия, Жапония кірді. Дүниежүзін жаңа бөліске салуы көздеген қарулы көтерілісте Жапония І-ші бастады. 1933 жылы 27 наурызда Жапония Ұлттар Лигасынан шығып, жаңа басқыншылық әрекеттерге әзірленді. Қиыр шығыста, соғыс ошағы пайда болды. Германиядағы билік фашистік, ұлтшылдық, социалисттік жұмысшы партиясының ықпалына көшкені, Европа дәл ортасындағы халықаралық қатынастарды күрт шиеленістірді. Партия төрағасы Гитлер өз еңбектерінде сөйлеген сөздерінде Германияның қолын шырмаған Версаль-Вашингтон келісімдерін бұзып, Германияны қайта көтеріп, әлемді қайта бөлісіп, Германия империясын жандандыру пікірін жасырмай, ашық жариялады. Европаны коммунизм қаупінен құтқару деген жалған ұранмен КСРО-ға қарсы соғыс жорығын ұйымдастыруды көздеді. Германияның ең басты міндеті, Версаль шарттарының соғыс баптарын қайта қарап, Германияны қаруландыру дәрежесіне келтіру болды. Басқыншылыққа жол ашып өз әрекеттерін жеңілдету үшін, Германия 1933 жылы 14 қазанда Ұлттар Лигасының мүшелігінен бас тартты. 1936 жылы наурыз айында, Германия әскерлері Реин аймағына басып кірді. 30 жылдар ортаасында Италия, Африка шеңберіндегі отарларды өзгерту талаптары ашық білдіре бастады. Италияның фашисттік дектаторы Муссолини Африка елдерін бағындырып, Жерорта теңізінің, Италияның ішкі теңізіне айналдыруды армандайтын. Әлемді жаңа бөлісудегі мақсаттарды бірдей мемлекет айқындайтын олардың өзара әскери одақ құруды тездетті. Басында фашисттік мемлекет жақындасты. 1936 жылы қазанда Гермария мен Италия арасына «Берлин және Рим» белдігін құру туралы келісімге қол қойылды. 1936 жылы Германия мен Жапония арасында одақ құрылды. 1937 жылы оларға Италия қосылды. Берлин, Токио, Рим одағы құрылды. 1937 жылы наурызда Германия әскерлері Австрияны басып алды. 1939 жылы сәуір, мамыр айларында Англия, Франция, КСРО мемлекеттері Мәскеуде кездесіп басқыншылық бола қалса өзара келісімге қол қойды. 1939 жылы 1 қыркүйекте Германия Польшаны басып алды. Осылайша ІІ-ші дүниежүзілік соғыс басталды. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы Бүкіл ІІ-ші дүниежүзілік соғыс жағдайын үш кезеңге бөлуге болады: 1939 жылдың І-ші қыркүйегінде Герман әскерлері Польшаға кірді. Польша елінің соғысқа дайын еместігі бірден байқалды. 1939 жылдың 3 қыркүйегінде Франция мен Англия үкіметтері Германияға қарсы соғыс жариялады. Немістердің 556 дивизиясы Польша жеріне 3 бағыттан басып кірді. Қала халқымен поляк әскерлері Варшаваны ерлікпен қорғады. 28 қыркүйек күні Варшаваны немістер иеленді. Польша үкіметі Румыния арқылы өтіп Лондонда паналанды. 1940 жылы 10 мамырда неміс әскерлері Бельгия мен Голландия арқылы Францияға басып кіруді жоспарлады. Франция орасан зор жеңіліске ұшырады. 14 маусым күні жауға ұрыссыз беріліп қалды. Францияны тез жеңгеннен кейін, Англияның кезегі келді. 1940 жылы 16 шілдеде Гитлер Англияға қарсы «теңіз арыстаны» жобасын құрды. Англияны әуеден шабуылдай бастады. Англияның әуе күштері жауға күшті қарсылық көрсетті. 1940 жылы жазда Гитлер Англияны келісімшартқа шақырды. Англия үкіметі бұл ұсынысты қабылдамады. Англия АҚШ-тан тегін қару-жарақ, оқ-дәрі, киім-кешек ала бастады. 1940 жылы 27 қыркүйекте Германия, Италия, Жапония «құрыштық пактіге» қол қойды. Батыс Европадағы үш мемлекет Швеция, Швейцария және Исландия бейтараптық саясатты ұстанды. 1941 жылдың жазына қарай Германия Европаның 12 мемлекетін басып алды. Азия кеңістігінде – Қытайда, Үнді Қытайда, Тайланд Бирмада, Индонезия аралдарында Жапонияның қожалығы орнады. | |
Просмотров: 1374 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2] |
Патриоттық және мерекелер т.б [16] |
Шет ел әдебиеті мен тарихы [31] |
Шағын көлемді шығармалар [60] |
Әлеуметтану, саясаттану [69] |
Философия және логика [13] |
Қазақ тілі және тіл білімі [104] |
Елді мекендер, қалалар [2] |
Агро,шаруашылықтар [9] |
Курстык жумыстар [17] |
Ғылыми жұмыстар [62] |
Қазақстан тарихы [114] |
Тарихи тұлғалар [132] |
Еуразияшылдык [16] |
Ашық сабақтар [56] |
Дүние тарихы [30] |
Мәдениеттану [7] |
Информатика [68] |
Астрономия [61] |
Психология [6] |
Переводчик [4] |
Математика [14] |
Педагогика [77] |
Дипломдар [10] |
География [82] |
Биология [133] |
Экология [3] |
Дінтану [32] |
Физика [33] |
Химия [13] |
Құқық [27] |
Еңбек [7] |