Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Қазақстан тарихы

Ежелгі Кашмир мен Делидегі Түркістан перзенттері
ЕЖЕЛГІ 
Кашмир мен Делидегі Түркістан перзенттері 

Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан даналар ішінде Әбу Нәсір әл-Фараби (870-950) – ғылымның барлық саласы, Әбу Райхан әл-Бируни (973-1048) – әсіресе география, Әбу Әли Ибн Сина (980-1037) – медицина, Ұлықбек (1394-1449) – астрономия, Әбу Ибраһим Исхақ әл-Фараби (951-?) мен Исмайл әл-Жауһари әл-Фараби (?-1002) араб тіл білімі ғылымына өзіндік үлес қосса, бұлармен қатар Исфиджаб-Сайрам, Ясы-Түркістаннан шыққан асыл перзенттеріміз де мұсылман заңы мен хадистану, тәпсір секілді ислами ілімдер саласына қалам тербеп, ислам мәдениеті мен ғылымынан өзіндік орын алды. Солардың арасынан күні бүгінге дейін біз Ясыдан шыққан, XІ-XІІ ғасырларда өмір сүріп "Диуан-и-Хикмет” – "Даналық кітабы” атты тамаша шығарма қалдырған ойшыл, кемеңгер, түркі халқының рухани атасы Қожа Ахмет Ясауиды (993-1167) ғана білеміз. Сол себепті Ясыдан өзге парасат иелері шыққан жоқ па деген сауалдардың қойылатыны да заңды. 

Иә, Ясы тек Қожа Ахмет Ясауиды ғана емес, өзге де даналарды дүниеге келтірген. Олардың есімдерін атамас бұрын Ясы – Түркістан сөзіне тоқталалық. 
Себебі бұл сол осы даналардың тегіне жал¬ғанып тұрған анықтауыш. Шынында осы Ясы деген сөз қайдан шыққан, қандай ма¬ғыналары бар? Түп төркіні неде? Ол туралы араб тілді рухани бұлақ көздері не дейді? Осы күнге дейін оның этимоло¬гиясын зерделегендер аз сияқты. "Ясы шаһары Имам ат-Табаридің (838-923) "Тарих ар-русул уа-л мулк” – " Пайғам¬барлар мен патшалар тарихы”, Әл-Мұ¬қаддасидің (946-1000) "Ахсан ат-тақасим фи мағрифат әл-ақалим”– "Климатты білудің тиімді жол¬дары”, Әл-Истахридің (850-934) "Әл-Ма¬са¬лик уә-л мамалик” – "Жолдар мен мем¬л¬екеттер”, Әл-Бәкридің (?-1094) "Әл-Муғжам ма әл-мұстағжам” – "Түсініксіздің тыныс белгілері туралы”, Ас-Самъанидің (1113-1167) "Әл-Ансаб” – "Насабнаме”, Яқұт әл-Хамауи ар-Румидің (1179-1229) "Муғжам әл-булдан” – "Елдер жайлы (географиялық сөздік)”, Ибн Саид әл-Мағрибидің (1214-1286) "Китаб әл-жуғрафия” – "География жай¬лы кітап”, Ибн Фадл Алла Әл-Умаридің (1301-1349) "Әл-Масалик уа-л абсар фи мамалик әл-амсар” – "Мемлекеттердің ірі жол¬дарын сипаттау” атты еңбектерінде жай аталғаны болмаса, мән-мағынасы анық көрсетілмеген. Шаһардың неге бұлай аталатынына да түсінік берілмеген. 
Ортағасырлық тарихшы Ибн Тагри¬берди (1411-1465) "Ясы” сөзінің көне түркі тілінде "реттеу, тәртіпке келтіру” деген мағынаға саятындығын айтады. "Бұл сөз әсіресе Мысыр мен Шамды мәм¬лүктер билеген кезде кең тарады, – дейді. Сөйтеді де ол кітабының басқа бір жерінде, "Яса көне моғол сөзі” дейді. Әйтсе де ғалым бұл моғол тілінің жеке-дара тіл немесе көне түркі тілдерінің бір диалектісі екендігін ашып көрсетпеген. 
Тағы бір рухани бұлақ көздерінде "Яса” қала емес, қыстақ деп көрсетілген. Мысалы үнділік белгілі тарихшы Абд әл-Хайй ибн Фахр ад-Дин әл-Хасани әл-Һинди (?-1922) "Нузһәт әл-хауатир уә бәһжәт әл-масамиғ уә-н науазир” – "Ойша серуен және құлақ пен көз сұлу¬лығы” деген еңбегінде Аш-Шейх Маулана Абд Алла әл-Кашмири (?-1757) туралы әңгімелей отырып, оның бабасының атын Мұхаммед Фадл әл-Ясауи деп көрсетеді, яғни ол тегі жағынан ясылық деген сөз. Ол "Түркістан өңіріндегі Ясы қыстағынан еді” деп жазады. 
Ас-Суюти Түркістанға қоса Ясыны да атайды. Көптеген араб тілді кітаптар Ясы туралы айтқанда "бұл қасиетті қала – шығармашылығы исламның рухани мұ¬расын байытқан атақты адамдарды дүниеге әкелді” деп оған жақсы баға береді. 
Жоғарыда мұсылман Шығысы қалам¬герлерінің пікірін келтірдік. Ал енді Ясы туралы отандық жазба деректер не дейді деген мәселеге келсек, еліміз энцик¬ло¬педияларының бірінде: "Ясы – Түркістан қаласының ежелгі атауы. Қазақстандық археологтар ертедегі Ясының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. VІІ-ХІІ ғасырларда Түркістан Шауғар (сақ тілінде ол Қаратау деген мағынаны біл¬діреді) атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. ІХ ғ. қарлұқтар мен оғыздардың қол астында болды. Бұл өңірге 809-819 жылдар аралығында Хорасан билеушісі әл-Мамун, Х ғ. соңында саманилік билеуші Наср жаулаушылық жорық жасаған. ХІІ ғ. І-ширегінде қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Ясы өлкенің орталығына айналды. Қожа Ахмет Ясауи осында келіп қоныс тепкен кезде атақ-даңққа бөленді. 
Ясы туралы алғашқы деректер мұсылман тарихшыларынан басқа ХІІІ ғ. жарық көрген Киракос Гандзакенцидің "Армения тарихы” атты еңбегінде де кездеседі. Онда Ясы қаласы Асан деген атаумен берілген. Ясы атауы ХІV ғ. бастап тарихи шығармалардың беттерінде жиі көріне бастайды. 
Ясы Шараф ад-Дин Әли Йаздидің (ХV ғ.) еңбегінде де ұшырасады. Бұл шаһар орта ғасырларда Орта Азия ғимараттары үрдісі бойынша дамыды: қамал, шаһристан, рабат қалыптасты. ХV ғ. І-жартысында Шараф ад-Дин Әли Йазди Ясыны "шағын елді мекен болды” деп көрсетсе, ал ХVІ ғ. Рузбихан Исфаһани "Михманнама-и Бұхара” – "Бұхара мейманының жазбаларында: "Ясы қаласы өрісі кең әрі құнарлы жер, Түркістан аймағының орталығы. Ясы қаласына тауар¬лар мен қымбат, бағалы заттар жеткізіледі де, сол жерде оларды сату басталады. Сондықтан ол көпестердің тең-тең жүкте¬рін шешіп, саяхатшылар тобын әр елге аттандыратын орын болды”, – деп жа¬зыл¬ған. [Түркістан. Халықаралық энцик¬лопедиясы. Алматы, 2000, 590-бет]. 
Абд ал-Хаий әл-Хасани әл-һинди атал¬мыш еңбегінде осы Ясы – Түркістаннан шыққан бірқатар ойшылдардың аттарын атайды. Олар Әбу-л Аббас Ахмед бин Мұхаммед әл-Ясауи, Аш-Шейх Шамс ад-Дин Ахмед бин Абд әл-Мумин ат-Түр¬кімани әл-Банипати, Шейх Мырза Камил бин аш-Шейх Ахмед бин Малик Әл-Ясауи Ташқанди, Шейх Ахмед бин Мұс¬тафа ибн әл-Муин әр-Рафиқи әл-Каш¬мири, Аш-Шейх Мұхаммед бин Мұстафа бин әл-Муин әр-Рафиқи әл-Кашмири, Шейх Таййб бин Ахмед ар-Рафиқи, Аш-Шейх Маулана Абд Алла әл-Кашмири, Маулана Нұр әл-һуда бин Абд Алла бин Мұхаммед Фадл әл-Ясауи, Абд әл-Уәли ат-Тархани әл-Кашмири, Мүфти Абд әл-Му¬мин әл-Кашмири, Имам Замини Түркістани. 
Бұлардың түп-негізі Ясылық болға¬ны¬мен, өмірлері мен қызметтері Үндістан және оның уалаятының бірі Кашмирде өткен. Мұнда да кездейсоқтық жоқ. 1998-1999 жыл¬дары мен орта ғасырларда Каш¬мирдің әміршісі болған, дулаттан шыққан Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің (1499-1551) қалай қаза тапқаны, жерленген жерін анықтау үшін Кашмирге екі рет барғанымда осы ел ғалымдары ислам дінінің Үндістанға, әсіресе Кашмирге біржола орнығуына, Орта Азиядан шыққан түркілердің (біздің ата-бабала¬ры¬мыздың) үлкен рөл атқарғанын, сол кезеңде 700-ге жуық Мауараннаһр сопыларының Үндістанға келгенін айтып еді. Мен ол сөз¬дерге әуелде онша мән бере қойған жоқпын. Енді оның ақиқаттығына көзім жетіп отыр. 
Осы ретте бұдан 32 және 7-8 жыл бұрын болған екі оқиға ойға оралады. 
Бірінші. 1975 жыл еді. Мәскеуде Шы¬ғыс¬¬тану институтында оқып жүрген кезім. Жазда елге келгем. Шымкент пединс¬титу¬ты¬ның әдебиетші ұстаздары Оңтүстік Қазақстан облысы, Шаян селосы төңі¬регіндегі бұзылған үйден арабша жазылған кітаптың табыл¬ғанын айтып, қарап беруімді өтінді. 
Кітап литографиялық тәсілмен басы¬лыпты. Кейбір жерлері мүжіліп, бірнеше беттері жыртылып та қалған. Жер астында бірнеше жыл жатқаны байқалады. Кейбір парақтары өшуге айналған. 
Еңбек Үндістанның Лакнау қаласында һижраның 1323 (1904) жылы шығыпты. Парсы, урду тілдерінде жазылған. Діни-әдеби бірнеше трактаттардан тұрады. Шаянға ол қалай тап болды екен деген ойға қалдық. Кейін білсем мұнда ХІХ ғ. екінші жартысында (1884-1886) ашылған Аппақ ишан мешіт-медресесі болған. Бұл кітаптың арғы тағдыры да сол медресе тағдырымен байланысты. ХХ ғ. 30-жылдарында дінмен күрес кезінде ғибадат үйі жабылған кезде осындай кітаптарды бір азамат үйлердің қуысына тықса керек. 
Үндістанда шығып Шаяннан табылған бұл жәдігерліктің Ясы, Шаян, яғни Түркістан аймағы шаһар, кенттерінің Үндістанның діни-рухани орталықтарымен байланысы болғанын көрсетеді. 
Екінші. 1998 жылы Мұхаммед Хайдар Дулатидің 500 жылдық тойынан бір жыл бұрын жоғарыда айтылғандай Кашмирге барғанымда сондағы университет кітап¬ханасынан араб, парсы, урду тілдеріндегі қолжазбалар каталогын алып қайттым. Кашмир кітапханасының қолжазба қорынан Әбу Нәсір әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Низам ад-Дин Шаши (Ташкенти), Мырза Ұлықбек, Әли Құсши, Мұхаммед Хайдар Дулати, Мырза Мүбарак Нақшбанди, Ходжа Хауанд Махмұд Нақшбанди, Шейх Ахмед Фаруқи Нақшбанди, Саъд ад-Дин Нақшбанди, Қожа Муаййин ад-Дин Нақшбанди, Ходжа шаһ Нияз Нақшбанди, Сайд Мұхаммед Мақбул Хорезми Каш¬мири, Даулат шаһ Самарқанди, Масғуд бин Умар Тафтазани, Сағад ад-Дин Масуд Таф¬тазани секілді тағы да басқа Орта Азиядан шыққан бірқатар парасат иелері туын¬дыларының қолжазбаларын көрдім. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Тұрбаттан шыққан Атаидың "Миғражийа” – "Миғражнаме” поэмасы да Кашмирде тұр. Әлішер Науаи¬ды олар "Науаи узбеки” деп көрсетіпті. 
Әсіресе онда суфизмге және фиқһ мә¬се¬лесіне арналған жәдігерліктер молырақ боп шықты. Суфизм дегенде мұнда Нақшбанди тариқатының өкілдері көп болғаны байқалады. 
Міне, сопылық тариқаттар ішінен осы нақ¬шбандияны ұстанған Орта Азиядан шық¬қан даналар Үндістан және оның Кашмир өлкелерімен қатынастарын үзбеген, сонда келіп тұрған. 1526 жылы Үндістанды атақты Мұхаммед Заһир ад-Дин Бабыр (1426-1530) алып, ұрпақтары онда Моғол мемлекетін құ¬рып үш ғасыр биледі. Делидегі бас мешіттің бас имамы етіп кезінде Бабырдың өзі тек ата-жұртынан шыққан діндарды ғана тағайындап отырған. Сол дәстүр әлі күнге дейін сақталған. Қазіргі бас имамның ныспысы да Бұхари (бұхаралық). 
Гималай таулары арасындағы сырт көзден таса Кашмир көпке дейін жұртқа жұмбақ болып келсе, ал бабаларымыз оны жақсы білген. 
Бұл өлке жан-жағын үлкен таулары қоршап жатқан, көлденеңі 30, ұзындығы 220 шақырымдық үлкен аңғар. Кашмирде орта және кіші шаһарлар мен кенттер баршылық. Астанасы Сринагарды Желам өзені жарып ағып жатыр. Қала шетінде аумағы атшаптырым Дал көлі бар. Сринагар және тау етегіндегі төбелердің бәрі жалпақ жапырақты және шырша, қарағайлы орман. Олар өлкеге көрік беріп тұр. 
Делиде жаз айларында күн өте ыстық болса, Кашмирде 23-25 градустан аспайды. Кешке қарай кейде қоңыр салқын жел есіп, тынысыңды кеңейтеді. Сол себепті бірқатар үндістандықтар жаз айларында демалыс¬тарын Кашмирде өткізеді. 
Осы өлкені Мұхаммед Хайдар Дулати 11 жыл (1540-1551) билеген. Ол өзінің атақты "Тарих-и Рашиди ” атты еңбегінде Каш¬мирдің табиғаты, өзен-көлдері, бау-бақша¬сы, халқы, қала-кенттері туралы сүйсіне жазған: "Кашмир – әлемнің ең мәшһүр қалаларының бірі, – дейді ол. – Әртүрлі таңқаларлық әрі сирек кездесетін жерлерімен мәлім... Бұл аймақта барлық жер төрт түрге бөлінеді: 1) суармалы жерлер, 2) дақылдар суарылмай өсірілетін, яғни тәлім жерлер, 3) бау-бақшалы жерлер және 4) тегіс алаңдар (жазықтар), өзендер мен көлдердің жаға¬лау¬лары, онда шабындық жоңышқа, қоғажай және әр түрлі гүлдер алма-кезек өседі. Бұл жерде ылғалдың көптігіне байланысты егін жақсы өспейді. Сондықтан ол жерлер егіске пайдаланылмаған. Оның өзі де Кашмирдің әсем бір көрінісі болып табылады... 
Ғажайыптардың тағы бірі – Кашмирде тұт өте көп өседі. Себебі оның жапырағы жі¬бек құртына беріліп, жібек өндіріледі. Сондықтан оны жеу дәстүр емес, тіпті айып болып табылады. Тағы да бір ерекшелігі – жеміс-жидектер піскен кезде алып-сату өте сирек. Бау-бақша иесі де, иесі емес те бірдей пайдалана береді. Бақтың айналасы шар¬бақ¬пен сирек қоршалады. Адамдардың жемісті бақтан жұлуына шектеу әдеті мұнда жоқ”. 
Міне осындай ғажайып мекенге ислам ді¬нін таратып, орнықтыруды Орта Азиядан кел¬ген бабаларымыз үлкен де сауапты іс санаған. 
Жалпы ясылықтар мен Орта Азия сопы¬ларының Үндістан мен Кіші Азияға (қазіргі Түр¬кияға) қоныс аудара бастауын ағылшын ғалымы Дж.С.Тримингем ("Суфийские ор¬де¬на в Исламе”. М.2002) ХІІІ ғасырдан, яғни елімізді моңғол шапқыншылары жау¬лап алу кезінен бастайды. Соған қарағанда моң¬ғолдар ислам дініне оң қабақ таныта қоймаған. 
Енді өмір-тағдырын Кашмирмен бай¬ла¬ныстырған ясылық – түркістандық дана¬ларды Аллама аш-Шариф Абд әл-Хаий Фахр ад-Дин әл-Хасанидің аталмыш еңбегі және басқа деректерге сүйеніп сөз етіп көрейік. 
1. Әбу-л Аббас Ахмед бин Мухаммед әл-Ясауи (?-1004). Оның өз аты Әбу-л Аббас Ахмед, ал әкесінің есімі Мұхаммед. Ал әл-Ясауи. Соңғы тіркес бұл кісінің оның шығу тегі жағынан ясылық екенін білдіреді. Оның "ат-Табақат ас-суфия” – "Сопылық топ¬та¬ры” атты кітабы бар. Әбу-л Аббас Х ғасырда дүниеге келіп һижраның 396 яғни 1004 жылы бақилық болған. Оның есімі Осман тарихшысы Хаджи Халифаның (1609-1657) "Кашф аз-зунун ан асами әл-кутуб уа-л фунун” – "Кітаптар мен ғылымдар ат¬тବры¬нан күдікті сейілту” атты шығармасында да аталады. Әбу-л Аббас өмір сүрген мер¬зі¬міне қарағанда Қожа Ахмет Ясауиден 100 жыл¬дай бұрын дүниеге келген жан сияқты. Өкі¬нішке орай ол жайлы бұдан өзге дерек жоқ. 
2. Аш-Шейх Шамс ад-Дин ат-Түр¬кі¬мани әл-Банипати. Ол "үлкен шейх Қожа Ахмед әл-Алауи әл-Ясауидің ұрпағы. Ныспысы бойынша Қожа Ахмед әл-Ясауи Мұхаммед ибн Ханафия ибн әл-Имам Әли ибн Абу Талибке барып тіреледі” дейді Абд әл-Хаий әл-Хасани әл-Һинди. 
Ойшылдың өз ныспысы Шамс ад-Дин. Әкесінің аты Ахмед. Бабасының есімі Абд әл-Мұмин ат-Түркімани. Бұл жерде көңіл аударатын екі мәселе бар. Олар оның есім тізбегінде көрсетілген ат-Түркімани және әл-Бани Пати (Панипати) деген атаулар. Әуелгі ат-Түркімани деген сөз бабамыздың түркі текті екенін және түркімен тайпасынан шыққандығын да көрсете ме деген жәйтке келейік. Түркімен деген этностық атауға байланысты Махмұд әл-Қашғаридің "Диуан лұғат ат-түрік” – "Түркі тілдерінің жинағы” атты еңбегінде: "Түркіман гуз (оғыз) тай¬пасына жатады. Зұл Қарнайн (Александр Македонский) түркілер елінен өтіп бара жатып түркі тайпасының бір топ кісілерін көріп парсыша: "Түркман анд” яғни "олар түркілерге ұқсайды” деген екен. Содан бері осы атау күні бүгінге дейін (ХІІғ.) оларға таңылып, сақталып қалды” – делінген. (Махмұд әл-Қашғари. Диван лугат ат-турк. Перевод и предисловие З.М.Ауэзовой. Алматы, 2005, 1051-1052 беттер). 
Шамс ад-Диннің түркі текті және Қожа Ахмет Ясауидің зәузәті екендігін Орта Азиядан шыққан тарихшы, шежіреші Абд әл-Қадыр (ХІХ ғ.) "Маджмаъа әл-ансаб уа-л ашджар” – "Насаб және шежірелердің жиынтығы” деген еңбегінде растайды. Ол оны "Шамс ад-Дин түрк Панипати, Әлилік саййдтар әулетінен, нысабы Ахмад Ясауиге жетелейді. Шамс ад-Дин хазреті шейх Мах¬дум-и Алам Ала ад-Дин Әли Амад Сабридің (Алла оны рахым етсін), ал ол хазреті шейх Фарид Хаққ уа-д Дин Масуд Аржағанидің (Алла оны есіркесін) мүриді” дей отырып әрі қарай үнділік чиштийа сопылық тариқа¬тының ізбасарларын тізбектеп кетеді. 
Шейх Шамс ад-Дин алғашқы білімді өз отаны Ясыда, өз ортасында алған. Сонан соң туған жерінен шығандап шығып, Мауараннаһрдің үлкен машайықтарынан білімін молықтырғаннан кейін, Үндістанға аттанады. Панипат қаласына келіп сонда ғұмыр кешіп, атағы шыққан ғалым болады. Ол һижраның 716 (1315) жылы жұмада әл-ахира айының 10-ы күні дүниеден өткен. 
3. Шейх, Мирза Камил бин аш-шейх Ахмед бин Малик әл-Ясауи әл-Ташқанди. Ясыда туып Кашмирде тұрған бабалар ту¬ралы Абд әл-Хайй әл-Хасани әл-Һиндиден бас¬қа ортағасырлық қаламгер әл-Бабани және Умар Рида Каххала да жазған. Әл-Ба¬бани "һадияту-л арифин” – "Білгірлер сыйы” атты еңбегінде ясылық Аш-Шейх Мирза Камил бин аш-Шейх Ахмед бин Ма¬лик әл-Ясауи Кашмири деген ныспы оған кейінірек ол сонда көшіп барған соң бе¬ріл¬се керек. Әл-Бабани оның "Бахр аз-Зәман” – "Заман теңізі” атты кітабы барын айтады. 
Сонымен ғалымның өз аты Мырза Камил болса, әкесінің есімі шейх Ахмед, ал бабасының аты Малик Мухаммед әл-Ясауи ат-Ташканди. Ташканди дегенге қарағанда бабасының туған жері Ташкент болса керек. Содан кейін ол Ясыға көшіп келген соң ұлы Ахмед және немересі Мырза Камил Ясыда дүниеге келген. 
Ал Умар Рида Каххала оның аты-жөнін: "Камил бин Ахмед бин Мұхаммед әл-Ясауи ат-Ташканди, соңыра әл-Кашмири еді” деп жазады. Мұнда жоғарыда әл-Бабани көрсеткен "мырза” деген сөз жоқ. Оған Камил деген есімді Осман тарихшысы Хаджи Халифа (1609-1657) әл-Бабани секілді қосқан. Ол Ясылық данышпанның ныспы тізбесін "Аш-Шейх Мырза Камил бин аш-Шейх Ахмед әл-Ясауи әл-Кашмири” деумен бірге оны да "Түркістан уәлаятындағы Ясы қыстағынан шыққан” дей отырып, әл-Ху¬сайни әл-Һинди оның бабаларының Каш¬мирге сол жақтан келгендігіне назар ау¬да¬рады. "Камил содан өле-өлгенше Каш¬мир¬дегі пәтуа үйінің меңгерушісі болды” дейді. 
Хаджи Халифа оның есімдер тізбегі мен өмірдерегі туралы: "Камил бин Мирза Ахмед әл-Ясауи бин Малик Мұхаммед ат-Ташқанди. Сонан соң әл-Кашмири. Ол һижраның 1131 ж. дүниеден өтті. Оның "Бахр аз-Заман” деген еңбегі бар” деп жазады. Ғалымдар сөйтіп оның аты-жөнін ала құла етіп көрсеткенімен, ол жайт мырза Камилдің ғұмырнамасын көп өзгеріске ұшырата қоймаған. Камил һижраның 1131 (1718) жылы дүниеден өткен. 
4. Шейх Ахмед ибн Мұстафа әл-Кашмири. Тақуа, ғалым, шейх Ахмед бин Мұстафа бин әл-Муин ар-Рафики әл-Кашмири Әбу ат-Таййб фақиһ (мұсылман заңгері), хадисші. Ол екі ағайынды. Інісі Мұхаммед бин Мұстафа Һижраның 1150/1736 жылы дүниеге келген. Аты-жөнінде Ясауи деген сөз болмаса да оның ясылық даналардың ұрпағы екені сөзсіз. Ол қасиетті Құранды жатқа білген. Әуелгі білімді әкесінен, немере ағасынан, әкесінің інісінің балалары, нағашы атасы мен нағашы ағасы Нұр әл-һуда әл-Ясауи әл-Кашмириден алған. Нәтижеде фиқһ, хадис, сира (Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың өмірбаяны), сопылық ілім мен поэзия және өзге де ғылым салалары бойынша керемет білгір атанады. Ол көптеген шайқылар мен ғалымдардан білім алған. Сопылық пен этика іліміне қатты қызыққан. "Хадаиқ әл-Ханафия” – "Ханафиттер бағында” Ахмед бин Мұстафаның һижраның 1219/1803 жылы раджаб айының сегізіне қараған күні қайтыс болғандығы туралы айтылған. 
5. Шейх Мұхаммед бин Мұстафа ар-Рафики әл-Кашмири. Шейх, ғалым, тақуа Мұхаммед бин Мұстафа бин әл-Муин ар-Рафиқи әл-Кашмири Әбу ар-Раид Ханафи мазһабы шейхтарының бірі. Ол жоғарыда аталған Ахмед бин Мұстафаның бауыры. "Хадаиқ әл-Ханафия” бойынша ол һижраның 1154/1740 жылы Кашмирде туған. Білімді нағашы атасы Нур әл-һуда және атасы Абд әл-Хақ әл-Ясауиден алған. Хадис пен сопылық ілімді әкесі және нағашы және Ашраф ибн Раидтан алған. Оның сопылық туралы еңбегі бар. Ол һижраның 1218/1804 жылы жұмада әл-ахир айының 16-сы сәрсенбі күні қайтыс болған. 
6. Шейх Таййб бин Ахмед ар-Рафики. Шейх ғалым, фақиһ Таййб бин Ахмед бин Мұстафа бин әл-Муин ар-Рафиқи әл-Кашмири сопы шейхтерінің бірі. Ахмед бин Мұстафа һижраның 1091/1679 жылы дүниеге келген. Қасиетті Құранды Хайр ад-Дин бин Әбу-л Бақа әл-Кашмириден оқы¬ған, ал жалпы білімді әкесінің інісі әкесінің бауырларының балалары және Әбу Йусуф Абд әл-Ғафурдан алған. Сопы хиркасын (киімін) өз әкесінен, әл-Кубрауия, әл-Қадария мен аш-Шатирия тариқаттары ілімін Абд әл-Хамидтен үйренген. 
7. Маулана Абд Алла әл-Кашмири. Шейх, ғалым, тақуа Абд Алла ибн Мұ¬хаммед Фадл әл-Ясауидің өз аты Абд Алла. Ал әкесінің ныспысы Мұхаммед Фадл әл-Ясауи. Оның ата-бабаларының кейбірі ілгерірек Кашмирге көшіп келсе керек. Ол Молла Мұхаммед Мұхсиннен, шейх Аманулла аш-Шаһиден және басқалардан тағлым алған. Қади шаһтан сопылық тариқатты үйренген. Сонан соң саяхаттап шейхтармен кездесіп, соңыра Кашмирге оралған соң мүфти болып тағайындалған. Одан Мұхаммед Усман Баба Асадулла Молла Абд әл-Мүмин, Мир Мұхит ад-Дин және Кашмирдің ірі оқымыстыларынан білім алған. "Хадаиқ әл-Ханафия” – ("Ха¬нафиттер бағы”) атты кітапта Маулана Абд Алла шаууал айының ортасында һижраның 1171/1757 жылы қайтыс болды делінген. 
8. Маулана Нұр әл-һуда әл-Кашмири. Шейх, қасиетті Нұр әл-һуда бин Абд Алла бин Мұхамед Фадыл әл-Ясауи әл-Кашмири даңқты шейхтердің бірі еді. Шейхтың өз есімі Нұр әл-Һуда. Әкесінің аты Абд Алла. Бабасының ныспысы Мұхаммед Фадл әл-Ясауи. Ол һижраның 1129/1716 жылы ту¬ған. Білімді әкесі және шейх Саад ад-Дин Садъ¬иқ, сондай-ақ шейх Рахматулладан алған. 
Иә, ол жоғарыда сөз болған Абд Алла әл-Кашмиридің баласы. Нұр әл-һуда ғылым мен өнер бойынша тамаша нәтижеге жет¬кен¬ше аталмыш ғалымдардың соңынан қал¬маған. Ал одан Молла Мұхаммед Мақ¬сұт, Мир Низам ад-Дин, Баба Асадулла, Молла Мұхаммед Уәли, Мүфти Қауам ад-Дин, Нур әл-һуданың екі ұлы Молла Аб¬дул¬ла мен Мұхаммед Ануар және көптеген кісілер оқыған. "Хадаиқ әл-Ханафия” – ("Хана¬фит¬тер бағында”) кітабында оның һиж¬ра¬ның 1199/1784 жылы жұмада әл-ула айында дүниеден өткендігі жайлы айтылған. 
9. Абд әл-Уәли ат-Тархани әл-Каш¬мири. Шейх, хадисші Абд әл-Уәли ат-Тархани әл-Кашмири раббанилердің (сопы тармақтары) өкілдерінің бірі. Ол Түркістан аймағындағы Тархан деген қыстақта дүниеге келген. Әуелгі білімді өз елінде алған. Сонан соң қажылық мақсатымен Мекке мен Мединеге сапар шеккен. Сонда жүріп Әбу-л Хасан ас-Са¬надиден хадис жазып алады. Оны хадис¬тану ғылымы қатты қызықтырған. Сондай-ақ фиқһ ілімімен де шұғылданған. Абд әл-Уали бірте-бірте пайғамбарымыз хазреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадистер жинағынан тұ¬ратын "Алты Сахихке” түсіндірме жасау¬мен айналысады. Сөйткен Абд әл-Уали Үн¬дістанға келіп, Кашмирде тұрақтап қалады да һижраның 1171/1757 жылы дүниеден өтеді. Ол туралы "Улама-и һиндустан” – "Үн¬дістан ғұламалары” атты еңбекте айтылған. 
10. Мүфти Абд әл-Мумин әл-Кашмири. Шейх, ғалым, фақиһ, мүфти Абд әл-Му¬мин ибн Ахсан Алла әл-Ханафи әл-Каш¬ми¬ри "әл-Баг” атты діндарлар тобына жа¬тады. Ол Кашмирде туып, сонда өскен. Абд Алла ибн Мұхаммед Фадл әл-Ясауи және шейх Абд ас-Салам қажы әл-Ка¬лан¬дардан ілім алған. Яғни ол ясылық тар¬лан¬дардың шәкірті. Кәрім Дад хан кезінде мүфти болып тағайындалған. Сөйт¬кен парасат иесінің "Раудату-л абрар”– "Тақуалар бағы” атты кітапта "Һижраның 1197/1782 жылы дүниеден өткені” туралы айтылған. 
Түбі Ясы-Түркістан аймағынан болғанымен Кашмирге қоныс аударған бабаларымыз бен олардың осында дүниеге келген ұрпақтары Қожа Ахмет Ясауи сияқты әуелде Ясауидің сопылық тариқатын ұстанғанымен, бірте-бірте кейбірі Қадария, бағзылары Нақшбандия, Кубрауия, сондай-ақ Үндістанда дүниеге келген Шаттария сопылық жолын, мектебін таңдағандарын аңғарамыз. Мұның өзі Үндістанда, әсіресе Кашмирде сопылық күшті болғанымен, олардың арасында бірлік болмағанын байқатады. Сондай-ақ Ясауи тариқатының мұнда сіңісті болмағанын, керісінше күні бүгінге дейін Нақшбанди тариқатының аттан түспей келетінін аңғарамыз. 
11. Имам Замин Түркістани. Ясы, Түр¬кіс¬тан дегеннен шығады, соңғы жылдары мен Үндістанға бірнеше рет бардым. Осы елдегі бабаларымыз салған сәулет өнерінің озық үлгілерімен таныстым. Делидің оңтүстік жағында бұл жұртты ХІІ ғасырда билеген түркі текті, Орта Азиялық Құтыб ад-Дин Айбек салдырған "Құтб минар” – "Құтб мұнарасы” атты кешен мені қатты қызықтырды. Құтб ад-Дин мен Илтұтмыш (Елтұтқа) бабаларымыз өздері билік еткен жылдары алып мұнара, тамаша мешіт, медресе, кесене салдырған. Солардың көп¬шілігі біздің заманымызға дін аман жетіпті. 
Кешендегі Алай дарбазаның шығыс жа¬ғын¬дағы Имам Замин Түркістанидің кесенесі көңіл аудармай қоймайды. Оның жанындағы тумбаларға мұның Имам Замин Түркіс¬та¬ни¬дікі екендігі һинди және ағыл¬шын тілдерінде жазылып қойылыпты. Кесене есігінің үстіңгі жағындағы мәрмәр тақтада ол жайлы мағлұматтар бар. Енді соған үңілейік. 
"Бисмиллаһир рахманир рахим. Алланың дәргейіне жақын болғандар мен әрі бұл дүние мен ақыретін Оның жолына пида ететін жандар жүрек пен жанын шексіз (сүйіспеншілікке) бөлеп мадақ пен дұғасын оның дәргейіне бағыштаса, міндетін атқарып, киелі қоныстың – достық гүлзарының тұрғыны болады. 
Қиямет күні Арашашысының (Мұхам¬мед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың) хош иісті һәм нұрлы мекеніне (зиратына) және Оның пәк отбасына, сондай-ақ Оның пәк ұрпақтары мен сахабаларына сансыз сәлемдер болсын. 
Алланың жанында қайырымдылық, пәктікке жол аша шексіз жеңіске жетіп, байлыққа кенелген, дін мен тариқат жетек¬шісі ретінде тура жолға жетелейтін мәрте¬белі хазрет Мұхаммед ибн Мұхаммед Әли Сәфәви Хасанидан тәрбие алған / Хұсейни санатынан, жалпы ұлық сейіттер, тақуалы жомарт жандар қатарында тұрған ғалым ... Иса ... Мұса... Сейіт Хасани әл-Хұсейниге осы әзиз, мөлдір кесенені са묬¬дыруды Жаратушы нәсіп, әрі оны халыққа тарту етті. Оның (Имам Замин Түркістани – Мұхаммед Әли) өмірі... мәңгі ... қиямет күніне жалғаса бергей. Ол (Имам Замин) мүміндердің сәлеміне кенеліп "жәннатқа аман-есен, тып-тыныш кіріңдер” ("Хиджр” сүресі, 46-аят) деген аятқа сай жа¬ны жәннат бақтары мен достық гүл¬за¬рына қарай ұшып кетті. Бұл нұрлы зират (Имам Замин Түркістани) есімін әйгілі етпек. 
Зираттың құрылысы һижраның 944 (1538/39) жылы бітті”. 
Құтб ад-Дин Айбек (1191-1210), Ил¬тұтмыш (1210-1235), Ала ад-Дин (1295-1315) патшалар ордасы бас қақпасының кіре берісіне көзі тірісінде-ақ осындай кесене салдыруына қарағанда Имам Замин Түркістани деген есіммен белгілі Мұхаммед Әли шынында да жай кісі болмаған сияқты. Ол бақилыққа 1539 жыл көшкеніне қарағанда мұнда ол Дели сұлтаны Ибраһим Лоди тұсында (1489-1517) келген деуге болады. Сондай-ақ оны Бабыр (1483-1530) да білген секілді. Өйткені Бабыр Ибраһим Лодиді 1526 жылы Делиден 80 шақырым жердегі Па¬нипатта жеңіп, Үндістанды біржола алды. Имам Замин Бабырдың ұлы Хұмайун (1508-1556) билігі кезінде дүниеден өткен. 
Кесене мұқият әрі аса ұқыптылықпен салынған. Күмбез сыртындағы боғатқа ке¬се¬нені айналдыра 61 рет "Алла” және "Суб¬хан Алла”, сондай-ақ кесенеге кере¬гесінің үстіндегі жазуы бар мәрмәр тақта¬дан биіктеу жерге айналдыра 36 рет "Алла” және "Субхан Алла” деп жазылған. Осы сөздер арасына шеңбер жасалып, оған гүл салынған. 
Ішке кірдік. Құлпытас ортада тұр. Ке¬сененің батыс жағына михраб жаса¬лыпты. Оның сыртқы рамасының жоғары жағы доғал. Ішіне "Бисмиллаһир рахманир рахим”, одан төменіректегі таға іспеттес жарты шеңбер ішіне қасиетті Құранның "Бақара” сүресінің атақты "Аяту-л курсиі” жазылған. Михрабтың доғал тұсы біткен төменгі жағына 2 белдемше жасалып, оның оң жағына 2 рет және сол жағына сонша рет және төменгі белдемшеге де дәл осылай "Алла” деп жазылған. Михраб қуысының жоғары және төменгі жағына да 2 реттен "Алла” деп жазылған. Михрабтың оң және сол жақтарына гүл өрнектеліпті. Түркістандық бабаның өмірі, мұнда нендей қызмет атқарғаны және Үндістанға Түркістан қаласынан яки жалпы Түркістан өлкесінен келген бе деген сауалдарға зерт¬теулерден кейін ғана жауап беруге болады. 
Иә, осындай қазақ даласы перзенттері кейбірінің ата-бабалары Х-ХVІІІ ғ. көне Ясыда, немесе ежелгі Түркістанда туылып, бірақ саналы бар өмірін Кашмирде өткізіп, ислам дінінің осы өлкеде біржола тұрақтап қалуына қызмет етуге арнағандары ғана емес, сондай-ақ ХVІ ғасыр ұланы, тамаша тарихшы ғалым, мемлекет қайраткері Мұхаммед Хайдар Дулати де осы Каш¬мир¬де ислам діні, оның ішінде суннизм¬нің Әбу Ханифа мазһабының өркен жаюына барынша қызмет етіп, үлкен рөл атқарған. Соның арқасында қазіргі Үндістан һәм Кашмир мұсылмандарының басым көпшілігі Орта Азия мен қазақстандық мұсылмандар сияқты Әбу Ханифа мазһабын берік ұстанып келеді. 
Міне, Ясы-Түркістанда туылып, Каш¬мирде ислам дінінің өркен жаюына аянбай қызмет еткен жерлес ғұламалар жайлы әзіргі қолда бар мағлұматтар осылар. 
* * * 
Тек Ясы ғана емес, сондай-ақ күллі Мауараннаһр өлкесі тарихын зерделеген де бірқатар ғалымдар бар. Солардың еңбектерін тауып, орта ғасырларда қазақ жерінен шыққан данышпандар анықталса ғанибет іс болар еді. Солардың бірі "Тарих-и Түркістан” – "Түркістан тарихы” атты еңбектің авторы шейх Мәдж әд-Дин Мұхаммед Инан. Өз шығармасын ол Тамғаш (1050-1068) ханға арнаған. 
Көрнекті түрік ғалымы, әдебиетші, тарихшы Исмайыл паша бин Мұхаммед Амин Мир Салим әл-Бабани (?-1920) Мадж ад-Динді Һижраның 992 (1515) жылы дүниеден өткен деп көрсетеді. 
Түркістан тарихынан сыр шерткен¬дер¬дің тағы бірі, тамаша тарихшы, әдебиетші Абд әл-Карим әл-Бұхари. Ол һижраның 1246 (1828) жылы Ыстамбұлда қайтыс болған. "Түркістан және Ауғанстан та¬ри¬хы” атты еңбектің авторы. Абд әл-Карим өз дүниесін түрік тілінде жазған. Осы кітапты да бір сүзіп шықса оңды іс болар еді. Мүмкін одан да тың да соны деректер табылып қалар. 
Авторы: Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти.
Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: nauriz (31.01.2014)
Просмотров: 1070 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4008
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!