Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Қазақстан тарихы

ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

Семинарда талқыланатын сұрақтар:

1. Жеке билік кезеңі. Қазақстандағы саяси репрессиялар.

2. Республиканың қоғамдық-саяси өмірі.

 

 

 

Студенттің өздік жұмысына тапсырма

1. ХХ ғасырдың 20-жылдарына дейін қазақ халықының дәстүрлі мал шаруашылығының дамуы («Айқап» журналы, «Қазақ» газеті басылымдарындағы мақалалар негізінде талдау жасау.

2. Қазақстанда жүргізілген тәркілеу науқаны: барысы, салдары

3. Кеңес үкіметінің ұжымдастыру саясатына қарсы көтерілістер тарихына қатысты деректер жинау

Реферат тақырыбы:

1.      ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы социалистік қоғам құру бағыты

2.      С.Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметі

3.      Дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуі: күштеп ұжымдастыру зардаптары

4.      Т.Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі.

5.      Ф.Голощекин және оның «Кіші қазан» идеясы

 

Әдебиеттер:

1. Омарбеков Т. Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. А.,2001.

2. Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. А.,1998.

3. Қоңыратбаев О. Т.Рысқұловтың қоғамдық саяси және мемлекеттік қызметі. А.,1994.

4. Қазбек М., Маймақов Ғ. Құпия кеңестер. А.,1999.

5. Политические репрессии в Казахстане в 1937-38 гг. А.,1998

6. Махат Д.А. Қазақ зиялыларының қасіреті. Астана,2001.

7. Ақтау. Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы.А.,1997.

8. Мұстафа Шоқай, Мария Шоқай Естеліктер. Истанбул,1997.

9. Кәкен А. «Түркістан легионы». Астана, 2000.

 

Семинар сабағына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар

Семинарға дайындықты ең алдымен большевиктердің стратегиялық мақсатын анықтаудан бастау керек, олар кеңес билігінің алғашқы күндері-ақ өндірістің барлық өнімдерін халық меншігіне көшірді. Ең алдымен өндірістің мемлекеттілігінің негізгі кезеңдерін атаңыздар. Өндіріс пен материалдық ресурстарды бөлуге жұмысшы бақылауын еңгізу (1917ж. 14 қараша), өндірістің кейбір салаларын национализациялау (1918ж. ақпан-маусым), барлық ірі өндіріс мекемелерін национализациялау (1920-4 еңгізілуінен 1921ж. наурыз). Неліктен жаңа жер туралы заң (Жер туралы Декрет (1918ж. қараша) Қазақстанда аграрлық революция сипатында болмай, тек жерді бөлу формасында жүрді

Бірінші сұраққа жауапты "әскери коммунизм" саясатының мазмұнына (нарықтық қатынастарды жабу, т.б.) таладу жасаудан бастау керек 20-жылғы азық-түлік дағдарысы аштық пен құлдырауға себеп болды. Қазақстандағы шаруалардың антибольшевиктік қозғалыстарынан (Семей, Павлодар уезі) мысал келтіріңіздер. Сұраққа толық жауап беру үшін әскери коммунизм" саясаты мен ЖЭС-ты салыстырыңыздар. Олар, ЖЭС-ң арқасында жеке капиталдық өндіріске енуіне жағдай жасалды, товар-ақша  қатынастарының әрі қарай өмір сүре алмайтындығына толық көз жеткізілді. Сауда қаламен ауылды байланыстыратын көпір болып, мемлекет бақылауында жеке сауда жүргізуге рұқсат берілді. ЖЭС-ң маңызын айта отырып, жаңа салық саясатының (азық-түлік салғыртының азық-түлік салығымен алмастырылуы), "Әскери коммунизм" басшылдықтың милитаристік стилін туғызды деген тұжырым бар. Оған 20-30 жылдардағы топтық-әкімшілік жүйенің негізгі, оның әдістерімен, стилімен, экономикаға деген идеологиясымен қосып жатқызылды, бұл кезде ЖЭС большевиктер үшін елді дағдарыс пен хаостан алып шығатын еріксіз шара ретінде қарастырылды. Осындай оймен келісуге бола ма? Өз жауаптарыңызды  деректерден фактілер келтіріп дәлелдеңіздер.

Қазақстанда ЖЭС қарама-қайшылықты сипатта болды: 20-жылдардың II- жартысындағы процесстер ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі құрылымның ұйымдасқан механизмін құртты. ЖЭС-ты жоюдың негізгі себебі ретінде саяси курстың өзгеруін айтуға болады соның арқасында мемлекеттік саясаттың даму бағыты ретінде социализм құру жарияланады, оның үш негізгі міндеті болды: өндірісті индустриализациялау ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және мәдени революция ЖЭС-тың мәнін айта отырып, оның қолайлы жақтарын көрсету керек, 20- ж. ортасындағы экономиканың өсу динамикасын көрсету керек.

Сонымен қатар, семинар барысында коммунистік партия мен оның органдарының қоғамдық-саяси өмірге ықпалының күшеюі, Қазақ АКСР-ның КСР одағына кіруі, Ф.Голощекиннің Қазақстанның партия ұйымының басшылығына тағайындалу, ұлттық мәселені шешудегі таптық-партиялық принцип, оның ұлы державалық мәні, Қазақстандағы «индустрияландыру» және оның негізгі принциптері, Ф.Голощекин және оның «Кіші Қазан» идеясы, бай қожалықтарын тәркілеу және оның саяси, экономикалық салдары, ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру, 1931-33 жж. аштықтың демографиялық салдары, «Бесеудің хаты» сияқты іргелі мәселелер қарастырылуы керек.

Қазақстандағы ауылшаруашылығын кеңестендірумен қатар  «индустрияландыру» саясаты, индустрияландырудың отарлық мазмұны, индустрияландыру жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық айтыстар, М.Шоқай, С.Асфендияров, С.Сәдуақасов және басқа қайраткерлердің индустрияландыруға байланысты пікірлері терең талдануы тиіс.

Кеңес өкіметінің мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктері және бұл саладағы қайшылықтар. Сауатсыздықпен күрес. Халыққа білім беру жүйесінің қалыптасуы. Маман кадрлар даярлайтын арнайы орта және жоғары білім ошақтарының құрылуы. Қазақ жазуын араб алфавитінен латын, сонан соң кириллицаға көшіру. А.Байтұрсынов бастаған топтың алфавит ауыстыруға қарсы күресіне студенттердің өзіндік бағасын беруіне және көзқарасын білдіруіне мән берк қажет.

ХХ ғ. 20-30 жылдардағы қазақ шаруаларын күштеп меншігінен айыру және күштеп ұжымдастыру процесі ашаршылық пен босқыншылыққа, ғасырлар бойы қалыптасқан мал шаруашылығының күйреуіне әкеліп соқты. Осыған орай Қазақстанда жүргізілген аграрлық шаралардың КСРО-ның басқа респуликаларындағы және аудандарындағы қайта құрулардан өзгешелігін анықтау. Қиыр Шығыстағы корейлердің Қазақстанға еріксіз қоныс аударуы мәселесі де назардан тыс қалмауы керек.

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: nauriz (31.01.2014)
Просмотров: 4796 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4009
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!