Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Қазақстан тарихы

ХХ ҒАСЫРДЫҢ 40-50 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

Семинарда талқыланатын сұрақтар:

1. «КСРО құрамындағы Қазақстанның 40-жылдар қарсаңындағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық- саяси дамуы.

2. Қазақстан ұлы Отан соғысы жылдарында:

а) Қазақстанның майданға көмегі. в) Қазақстан майданның маңызды тылы.

3.КСРО-ның қираған  аудандарын  қалпына  келтірудегі Қазақстанның  үлесі.

4.Қазақстан IV бесжылдық жылдарында.

 

Студенттің өздік жұмысына тапсырма

1.      Б.Момышұлының «Соғыс психологиясы» еңбегін конспектілеу

2.      ҰОС жылдарындағы мәдениет пен өнер байланысты эссе жазу

Әдебиеттер:

1.      Казахстан  в  период Великой Отечественной  войны.А-1971

2.      Қазақстан тарихы 5-томдық, Астана, 2010

3.      Қазақстан тарихы. Очерк: А., 1993

4.      Әбдәкімұлы Ә.Қазақстан тарихы А.,1997

5.      Очерки  и  истории  народного  хозяйство Казахской ССР,  А 1963. Том 3.

Семинар сабағына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар

Бірінші сұраққа жауапты Ұлы Отан Соғысы қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуына сипаттама беруден бастаған дұрыс. Бұл кезде бұрынғы патшалы Ресейдің отары болғандақтан экономикалық жағынан артта қалушылықты біршама деңгейде жойылған болатын. Қазақстанда осы кезеңдегі  ауыр  күйзелістердің нәтижелерін де көрсету керек: аштықтық, саяси қуғын – сүргіннің салдарынан демографиялық картада жергілікті  халық  санының  тез  арада  кему  процесі  жүрді. Бірінші сұраққа  жауапты  былай  аяқтауға  болады:  қиыншылықтарға  қарамастан  Қазақстан Ұлы Отан соғысына белсене қатысты.

        Екінші сұрақ бойынша Қазақстанның  фашистік  Германияны  талқандаудағы  үлкен  үлесін көрсетуге болады. Осы мақсатты қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы  еңбек  майданындағы ерен ерліктерін  әңгімелей отырып, құжаттар  жинағындағы  цифрлар  мен  фактілерді келтіріп, Қазақстан  территориясында  қорғаныс бойынша жүргізілген іс- шараларды сипаттау  қажет:

а/ Соғысқа  қажетті  өнімдер  өндірілетін  мекемелерді  майдан   зонасынан эвакуациялау:

2/Эвакуацияланған  бейбіт  түрғындарды  орналастыру:

б/Қазақстан  территориясында  әскери  жасақтар  құру:

Жауапты жалғастыру барысында  Қазақстандықтардың дүние  жүзілік  және  ұлы  Отан  Соғысының  ірі  шайқастарына  қатысқандықтары  жайлы / Москва үшін  шайқас,  Ленинград  блокадасы, Сталинград  шайқасы, Курск шайқасы/, олардың оккупацияланған  территориялардағы  партизан  қозғалысына  қатысқандықтарын  әңгімелеп, қазақстандық  батырларды  атау  керек.

Өз жауаптарыңды қорытындыларда КСРО республикаларының халық  шаруашылығын  қалпына келтірудегі Қазақстанның қосқан үлесі жайлы мысалдар  мен  фактілер  келтіруге  болады.

Үшінші сұрақ бойынша жауапты соғыстан кейінгі жылдардағы  біздің  республикамыздың экономикалық жағдайына талдау жасаудан бастауымыз керек. Қазақстан экономикасына эвакуацияланған өндірістік мекемелердің әсері қандай  болғанын көрсетіңіздер. Біздің өлкемізідің  инфрақұрылымы қалай өзгерді

 

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: nauriz (31.01.2014)
Просмотров: 2052 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4009
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!