Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Қазақстан тарихы

Түркі тілдерінің этнонимдері
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ ЭТНОНИМДЕРІ ТАРИХЫНАН

Қазіргі түркі тілдерінің шығу, пайда болу негіздеріне сүйенсек, оның негізгі қайнар көзі көне түркі заманынан да әрі басталғанға ұқсайды. Өйткені, тарихта «тукюэ», «түркі», «түрік» деген атпен пайда болған халықтар өз негізін қайдан алды. Мәселен, кейбір ғалымдар түркі халықтарының негізі шумерлерден басталған десе, ал отандық түрколог, академик А.Н. Кононовтың пікірінше, «ту-кюэ» тұлғасындағы терминді қытайлар шығарған, негізінен бұл сөз «түркут» немесе «түркләр» болуы мүмкін деп мәлімдейді. Себебі қытайлар ертедегі түріктерді, басқа көршілес елдерге қарағанда ерте әрі жақсы таныған. Ертеде Алтай тауының тұлғасы дулығаға ұқсас болған көрінеді. Таудың етегінде Ту-кюэ деген лагерь жайласқан. Ондағы жасаған адамдардың киген шілемі ту-кюэ деп аталғандықтан оны киген тайпаны да Ту-кюэ деп атаған. Ал қытай тілінің маманы И.Бичурин және монғол тілінің маманы Шмидт «Ту-кюэ» монғол сөзі дейді. Себебі монғол тіліндегі «дудулға» сөзі «шлем» деген мағынаны білдіреді. 
Түркі сөзі туралы алғашқы түсінік еуропада б.э.д. VII ғасырда пайда болған. Ол «Троя» аңызының шығуына байланысты «трюк» сөзінің пайда болуы. Бұл жалған этимология болуы да мүмкін, дегенімен бәрібір «түрік» сөзіне келіп тіреледі. 
Этнограф ғалым Д.Айтмұратовтың еңбегінде «түрк» сөзі шығыстың бір ханының аты. Ал «Авестада» болса, ол бір қаһарманың аты. Е.Блоше Тұран жеріндегі жасаушы түрк тайпаларының аты «Turya» деп көрсетсе, кейбір ғалымдар түркі сөзі «тура» деген сөзден шыққан деген пікірді айтады. 
«Шахнама» дастанының дүние жүзіне танулы бұл «Тұран» сөзінің «Тұр» есімінен пайда болғанын, яғни Феридумның аты «Тұр» сөзі, «Түрік» сөзімен байланысты екенін дәлелдейді. 
Ал, түрк халықтарында бұл туралы аңыздар көп. Мәселен, біз М. Қашқаридің еңбегінен, хадистерде жазылған құдайдың сөзі туралы мәліметтерді келтірсек, онда былай көрсетілген «Бізді жаратушы құдай: - «менде күшті әскер бар, мен оларға түрк деген ат бердім және оларды шығысқа жайластырдым. Мен қай кезде, қандай да бір халыққа қаһарлансам сол халыққа «түрк» деген қолданысты беремін деген екен». 
Сондай-ақ «түрк» этнонимі туралы ғалымдар арасында әртүрлі пікірлер бар. Дегенмен бұл пікірдің барлығын «түрк» сөзінің келіп шығуы тарихына байланысты жалған этимологияға қарағанда ғылыми этимологияға негізделген дұрыс. 
Мәселен академик А.Н. Кононов, Н.Я. Марр «түрк» сөзінің шығуы тарихы туралы «Құдайдың атаған «түрк» сөзінің қолдайтынын және өзінің пікірі де осымен мазмұндас екенін айтады». 
Түрк-монғол тілдерінің байланысы қайдан келіп шықты деген пікірге үңілсек, біз ең алдымен түркі-монғолдарының татар-монғол болып бөлінуінен дерек көздерін табамыз. Өйткені, түркі халықтарындағы «оғұз» этнонимінің шығуы тарихы жайлы дерек көздерге сүйенгенімізде. Оғұздың арғы атасы Монғол ханнаң тараған. Одан төрт ұл туылып, оның бірі Қарахан болған. 
Қараханнан туған Оғұз, түркі халқын пайда етуші қаһарман, ол осман түріктері, түркмен, әжербайжан халықтарының ата тегі яғни бабасы. Сондықтан түркі халықтары арасында үлкен бір мұра «Оғызнама» дастаны қалған. 
Сондай-ақ Ә. Бахадырханның «Түрктер шежіресі» еңбегінде көптеген деректерді келтіреді. Себебі, түркі тілдерінің негізін оғыз, қыпшақ, қарлұқ тайпалары құрайды. Ал оғыз негізінен монғолдан туылған ұл, дегенімен ол өзінің дүниеге келуінен ерекше болып туылып, бүкіл монғолдарды мұсылман дінін қабылдауға мәжбүр еткен. Оғұз дүниеге келгенде әкесі Қара хан бір жылға дейін өзгеше туылған ұлына ат қоя алмаған. Соңында Оғұз ханның салтанаты Шыңғыс ханнан кем болмағанын шежіреден байқаймыз. Ол өз дәуірінің ханы болған. Түркі халықтарының оғыз тайпасы осы Оғыз ханнан тараған ұрпақ болып саналады. 
Ал «қыпшақ» тайпасы «оғұз» тайпасынан кейін пайда болғанын дәлелдейтін мына пікірлерге сүйенсек, Оғұз ханның батыр, бектерінің бірі соғыста қайтыс болып, оны іздеп келген әйелі, баласын ағаш қуысында туады. Оны естіген Оғұз хан баланың атын Қыпшақ қойды, себебі ежелгі түркі тілінде «Қыпшақ» сөзінің мағынасы «іші қуыс ағаш» дегенді білдірген. Сондықтан қуыс ағаш ішінде туылған деген мағынаны білдіретін «Қыпшақ» сөзі, қазіргі күнде барлық қыпшақ елінің бабасы. Өйткені, Оғұз хан оны тәрбиесіне алып, Еділ жұртына патша етіп дайындаған. 
Осы уақыттағы түркі тайпалары: ұйғыр, киікті, қыпшақ, қалаш, қарлұқ болатын Қыпшақтар Еділ, Жайық бойында, киіктілер түркімендермен бірге, қарлұқтар Сыр бойында еді, - дейді профессор К.Мәмбетов. Біздің пікірімізше Еділ, Жайық бойында сол кезеңде қазақ және қарақалпақ халықтарының қыпшақ тайпалары жасаған. Оны тарихи деректер мен шежірелер дәлелдейді. Ал түркмендермен бірге киіктілер деп отырған тайпалар ысықтар болуы мүмкін. Өйткені, ысықтарды киік сауған, киікті деп те атайды. Себебі Каспий теңізінің жағалауында «ығысықтар» деген тайпалар жасаған. Сыр бойындағы қарлұқтардың негізі қимақтардан тараған, осы күнгі дулаттар болуы мүмкін. Қазіргі дулаттардың өзі қарлұқ тайпасының өкілі екені тілдік ерекшеліктерімен әдет-ғұрып, салт-сана дәстүрлерінен айқын көрінеді. 
Ұйғыр этнонимі бір заттың ұйуынан алынған сөз. Мәселен, сүт құрамындағы заттарды бір-бірінен айыруға болса да,ол ұйығаннан кейін бір –бірінен ажыратып болмайды. Сондай-ақ тоғыз сайда отыратын тоғыз санды ұйғырлар атанған тайпа ұйғыр халықтарының негізін құрайды. 
Ең алғаш рет қыпшақ даласында бірнеше түркі тайпалары жасағаны мәлім. Дегенімен, олардың бірігуі мен тарқауы өте тез болған. Бірігу – бір түрдегі және бір тілдегі халықтарды қалыптастырған болса, ал айрылу көп 
түрлі және көп тілді халықтарды пайда ете бастаған еді. Ал Шыңғыс ханның немере, шөберелері кезінде он бестен астам түркі тайпалары халық болып қалыптасқан. Олардың ең ірілері өзбек, қазақ, түркімен, қырғыз, қарақалпақ, татар және башқұрт хандықтарын құрып, сол халықтардың қалыптасуына негіз болды. Бұл халықтар бірден пайда бола қойған жоқ. Ең алғашқы тілі мен түрі бір-біріне ұқсас болған халықтар одағы түзілді. Ол он сан түрік тайпаны өз айналасына біріктіре алған ХІV ғасырдағы Ноғайлы одағы еді. Одан кейінгі Өзбек ханның тұсындағы өзбектер одағы, өз айналасына өзбек, қазақ, қарақалпақтардан тұратын үш халықты біріктірген болатын. Соңынан бұлардың барлығы да өз алдына халық болып қалыптасты. 
Профессор Н.А.Баскаковтың түркі тілдерін жүйелестірудегі классификациясы осы кезеңге сәйкес келеді. Өйткені, ол қыпшақ-ноғай, қыпшақ-бұлғар, қыпшақ-оғұз, қыпшақ-қарлұқ деп, қыпшақ тілдеріндегі түркі тайпаларын іштей төрт топқа бөледі. 
Осы түркі халықтарының ішінде қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтары бір негізден тараған деген пікірге толық қосыламыз. Себебі, оны дәлелдейтін ең алғаш аталған халықтардың қазіргі күнге дейін сақталған тілі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері. Мәселен, Оңтүстік қазақтарының тілі, ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы қарақалпақтарға ұқсас келеді. Өйткені, қазақ халқының дәстүрінде болмаған нәрсенің өзі Оңтүстік қазақтарында ұшырасуы, ол тегіннен-тегін нәрсе емес. Қарақалпақтардың қазақтар мен бірге жасағанын дәлелдейтін көптеген тарихи дерек көздері бар. Мәселен, Ноғай ордасы, Орманбет би өлгенге дейінгі аралықтың өзі біраз нәрсені аңғартады. Негізінде қарақалпақ халқы қазақтармен бірге Еділ, Жайық бойларында, Жетісу өңірінде жасағаны тарихи деректерден айқын көрінеді. 
1596 жылғы Жоңғар шапқыншылығынан кейін қарақалпақ халқы үлкен бүлгіншілікке ұшырап, Хорезм, Түркістан төңірегінде жасап жатырған өз халықтарына барып қосылған. 
Қарақалпақ халқы жайлы мәліметтер ХІV-ХVІ ғасырларда Хорезм, Сарайшық, Түркістан құжаттарында кездесетін болса, ХVІ ғасырдан бастап, Түркістан, Хорезм және Бұхара деректерінде кездеседі. 
ХVІ ғасырдың соңында қарақалпақ халқы Түркістан уәлеятының жергілікті халық болып есептелген және Сығанақта жасаушы халық сипатында мәлім болған. Түркістан бұл уақытта біресе Бұхара ханының, біресе Қазақ хандығының қол астында болып тұрған. 
ХІV ғасырда Алтын Орданың ыдырап кетуіне байланысты, бірнеше түркі халықтары пайда болады. Өзбек, қазақ, түркімен және қырғыз өз алдына халық болып ұйымдасты. Соңынан татар, башқұрт және Сібір мен Кавказдың түркі тілдес халықтары өз ара ажыраса бастаған еді. ХVІІ-ХVІІІ ғасырға келгенде көпшілік түркі халықтары өздерін ұлт ретінде тани бастады. 
ХVІ ғасырға келгенде өзбектер үш хандыққа (Хорезм, Бұхара, Қоқан), онан көп кейін қазақтар жүзге (ұлы, орта, кіші) болып бөлініп, өз хандықтарына ие болған еді. 
Бұл жағадайлардың барлығы да тілде өз көрінісін табады. Өйткені, өзбек тілінің Хорезм диалектісі, Бұхара диалектісі, Қоқан диалектісі болып бөлінуінің өзі де, қазақ тілінің қалыптасуына өз ықпалын жасады. Өйткені жүзге бөлінген халықтың тілінде, әдет-ғұрпында әрине көптеген өзгерістердің болуы, көршілес түркі халықтарының ықпалы дегіміз келеді. Өйткені, қазіргі күнге дейін қазақ тілінде сөйлегісі келмей жүрген қазақтың ата-тегінде, қанында өзге халықтың қаны мен тілінің ықпалы бар деп ойлаймыз. 
Ал қарақалпақ халқының шежіресін жазған профессор К.Мәмбетов, Қарақалпақтардың шыққан тегін сақ және массагет тайпаларымен байланыстырады. Олардың ішінде дәрья бойы сақтарының құрамы нәтижесінде пайда болған деп ой түйеді. Қарақалпақтардың жауынгер халық болғаны жайында көрнекті тарихшы С.П.Толстов жазады, әсіресе ІХ ғасырдағы араб тарихшысы А.Н.Науверий «Сол дәуірдегі Хорезм патшасы Алтын Таштың сахара тайпаларынан таңдап алған атты әскерлерінің аты «қалпақтар», - деп аталатын еді дейді. Бұдан басқа да мәліметтерге қарағанда ерте дәуірлерде ежелгі Хорезмде «қаңлылар» мемлекеті қыпшақтардың бір бөлігі болған «ябырлар» мемлекетінің пайда болуы, түркі халықтарының этнографиясымен байланысты деп есептейміз. Бұл дәуірде Әму мен Сыр дәрьяның төменгі ағысында оғұз, қыпшақ және қарлұқ тайпалары бірігіп жасады. Бұлардан оғұздар: түркімен және әзербайжан, қарлұқтар: өзбек пен ұйғыр, қыпшақтар: қазақ, қарақалпақ, қырғыз тайпаларын пайда еткенімен, кейінен оғұз-қыпшақ және қарлұқ-қыпшақ болып араласып кеткендігі белгілі. Бұл уақытта қазақтардың басты бөлігі Жаңакент пен Созақ аралығында, ал қарақалпақтар Арал теңізінің оңтүстік жағаларынан бастап Жаңакентке дейінгі жерді иелеген. Міне, осындай дереккөздерді жинақтай келе,біз түркі тілінің дереккөздерін, туыстас түркі халықтарының тілі, тарихы, әдебиеті мен мәдениетін қарастыра отырып, анықтауымызға болады. 
Сондай-ақ түркі тілдерінің генеалогиялық және типологиялық классификациясын нысанаға алуымыз тиіс деп ойлаймын. 
Жалпы түркі тілін зерттеуші мамандар мен ғалымдардың алдында, түркі тілдерінің зерттелуі қажет деген мәселенің тұрғаны айқын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Н.Бичурин. Собрание сведений о нородах обитавших в средней Азии. 
2. Д.Айтмұратов. Тюркские этнонимы. Н.,1999г. 
3. Ә.Бахадурхан. Түркілер шежіресі. Н.,1988ж. 
4. С.Әбушәріп. Түркістан тарихы. А.,2001ж. 
5. К.Мәмбетов. Қарақалпақтар шежіресі. Н.,1993ж. 
6. Н.А.Баскаков. Ввдение в кыпчакские языки. Н.,1984г.

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: nauriz (31.01.2014)
Просмотров: 1191 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4008
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!