Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Қазақстан тарихы

Қыпшақтар
Қыпшақтар

Қазақ далаларында ХІ ғасырдың басында қыпшақ тайпалар бірлестігінің үстемдігі орнады. Содан бері бұл жерлер Дешті Қыпшақ (Қыпшақтар елі) деп атала бастады. 

Өзінің күші мен билігін сезген көп санды жауынгер қыпшақтар ең алдымен Сырдария өзенінің ағысы бойындағы, үстірт қыратындағы және Еділ-Жайықтың сағасындағы керуен жолдарына бақылау орнатты. Құмандармен (қомандар, қимақтар) бірігіп алып, қыпшақтың тоқсаба және бұржоғлы рулары өз жорықтарында оңтүстік орыс далаларына дейін жетіп, Кавказға, Византия шекарасына дейін бақылау орнатты. Сонымен, қыпшақтық рулар мен тайпалардың бірлестіктері екі үлкен елге: батыстық және шығыстық болып бөлінді. Бөліну Еділ өзені бойынша өтті. 

Осы заманғы Қазақстанның үлкен бөлігі Шығыс-қыпшақ ұлысы болып табылады. Шығыс және Батыс қыпшақтық ұлыстарды хандар басқарды. далаларынан моңғолдық қуғындаулардан үндістанға кеткен ұлы ханның баласы Дели сұлтандығында Елбөрі хан атанады, ол сонымен бірге қимақтар шахы болды. ¦лы ханның әкесі Елбөріні біріктіруде өзінің өкімет билігімен және күшімен белгілі болады және ұлы хан деген атаққа ие болады, ал оның атасы Елбөрі Аварлар (Абарлар) ханының ұрпағы еді". 

Қыпшақ мемлекетінің саяси-әкімшілік орталығы Орда болды, ол "Орда" деп те аталды және ежелгі уақыттардан ол екі қанатқа бөлінді: оң қанат - Жайық өзеніндегі Орда, Сығнақтағы сол қанат - Сырдарияның жағалауындағы Орда. Барлық мемлекеттік және әкімшілік жұмысты "ақсүйек" әулетінің адамдары жүргізді, олар шаруашылықты басқарды және басқа елдермен және қалалармен хат жазысты. Қыпшақтар хат таныған. Сол кездің көптеген тарихи құжаттарында және әдебиет пен ғылым шығармаларында үндістан мен Қытай ғалымдарымен, арабтармен және еуропалықтармен хат жазысқан авторлар, ақындар және ғалымдар ретінде еске алынады. Мысал ретінде бұған Аль-Фарабидің шыққан тегі жөнінен қыпшақ екенін айтсақ та жеткілікті. 

Қыпшақтар өздерінің тарихи көршілерімен, Хорезмнің күшті мемлекеттерімен, Қараханидтермен тығыз байланысып тұрды. Әсіресе қыпшақ билеушілерінің Хорезмшахтың 

Екі қыпшақ хандықтарында да хандық тақ бір ханнан екіншісіне мұрагерлік бойынша, әкеден балаға көшіп отырды. Қыпшақ хандарының билігі туралы тарихи жәдігерліктерде мынандай деректер сақталған: "Жас кезінде қазақ сондай ақсүйектерімен жақын қатынастары болды. Олар бірге соғысты және қыз алысып, қыз берісті, яғни туысқан болып кеткендер. Мысалы, көптеген қыпшақтар Хорезмшахтың сарайында және оның әскерлерінде қызмет етті. Қыпшақтар мен Хорезмшахтың әскерлері бірігіп, бірнеше шайқастарда қарақытайларды ұрып алады. 

Бірақ моңғолдардың шапқыншылығының алдында қыпшақтар мен хорезмшахтың билеушілері арасындағы қатынастар бұзыла бастайды. Бұған сыртқы және ішкі тәртіптердегі қарама-қайшылықтар себеп болады. Хорезмшахта қызмет істеген қыпшақтарды олар өз вассалдары деп тани бастады, бұған қыпшақтар келіспеді, өйткені әрқашан да өздерін бостандықты және тәуелсіз санады. Осыдан туындаған теке-тірес қантөгіске соқтырған, қыпшақтарды Хорезм жорығына аттандырған бірнеше үлкен қақтығыстар болды. Бұл алауыздықтар бұрынғы одақтастарды едәуір әлсіретті және олар моңғол шапқыншылығының алдында бөлектеніп қалды.

Қыпшақтардың дамыған өндірістік және қолөнер базасы болды. Олар асыл тұқымды жылқыларды өсірді, мал шаруашылығы өнімдерін кең пайдаланды, қымыз сусынын дайындауда алдына жан салмаған шеберлер болды. Мұны мына факті растайды. Шыңғысхан мен оның ұлы Жошыға бағынып, қыпшақ көсемдері моңғалдар билеушісіне 20000 іріктелген жылқы сыйлайды. 

Ерте замандардан белгілі төрт түлік (жылқы, сиыр, қой және түйе) малдан басқа қыпшақтар бидай, күріш, тары, қара бидай септі. 

Сонымен, 11-13 жүзжылдықта Азияның нақ ортасында, қыпшақтар қожа болған жерде шаруашылық жүргізіудің аралас-көшпенді және егіншілікті түрімен, кейінірек қазақ халқының негізін құраған Отырар, Сығанақ және басқа қалаларымен ерекше мемлекеттік құрылым пайда болды және ол сол кезде-ақ шын мәнінде осы заманғы белгілерімен мемлекет құра алар еді. Бірақ көшпенді өмірдің қайта өзгерулеріне моңғол шыпқыншылығы едәуір дәрежеде кесірін тигізді.

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: nauriz (31.01.2014)
Просмотров: 786 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4008
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!