Главная » Статьи » Тарихи тұлғалар |
Ағыбай батыр Қоңырбайұлы Ағыбай батыр Қоңырбайұлы, Шұбыртпалы Ағыбай (1802-1885) – Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылығына қарсы көтеріліс басшыларының бірі, қолбасшы. Ағыбай батыр Ұлытау тауының етегіндегі ауылда дүниеге келген. Орта жүз құрамындағы қаракесек-шұбыртпалы – арғын руынан шыққан. Әкесінен ерте айрылған. Шешесі Абылай ханның сенімді батырларының бірі Наймантайұлы Байғозының қызы. Жазушы І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында Ағыбай батыр алып денелі деп сипатталады. Жорықта үнемі жолы болатындықтан ол «Ақжолтай батыр» атанды. Сарбаздары Абылай есімімен қатар Ағыбай батырды да ұранға айналдырды. 13 жасынан қолына қару алып, 1824 жылы Қарқаралы аймағында Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтеріліске белсене араласты. Қасым сұлтан қаза тапқаннан кейін Ағыбай батыр бастаған қазақ әскері Шу өзенінің бойында өзбектердің Түркістан өлкесіндегі билігін әлсіретті. Ағыбай батыр бастаған қол 1826-1846 жылдары аралығында Ресей әскерлерімен бетпе-бет шайқасып, бірнеше рет күйрете соққы берді. Ресей империясының Қазақстандағы тірек-орталықтары – Қарқаралы, Ақтау, Ақмола бекіністеріне шабуыл жасап, патша әскерлерін Ырғыз, Тобыл өзендері бойындағы ұрыстарда, Қызылжар, Көкшетау шайқастарында тас-талқан етіп жеңді. Қырғыз манабы Орманға қарсы соғыстарда ерекше ерлік көрсетті. 1847 жылы Кенесары ханның Кекілік тауындағы қырғыздармен айқасында Наурызбай батырмен бірге дұшпан шебін бұзып өтті. Кенесарының бас батыры Ағыбай батырдың өмір жолы қазақ тарихшылары мен қаламгерлерінің шығармаларына арқау болды. Жазушы І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында Кенесары хан мен Ағыбай батыр қатысқан барлық ұрыстар баяндалған. Жазушы олардың Ақтау, Ортау, Ақмола бекіністерін қалай алғанын, Сырдария өзенінің бойындағы Меркі қаласын азат ету барысында Қоқан хандығымен қалай ұрыс жүргізгенін толық суреттеген. 1914 жылы Есім төренің көмегімен Ә.Бөкейханов Қазан қаласынан «Қызыл қайнар Тектұрмас» деген кітабын шығарса, С.Сейфуллин «Ақжолтай батыр» романын жазды. Заңғар жазушы М.Әуезов «Қазақ әдебиетінің тарихы» кітабында танымал батырға толық бір бөлімді арнады. И.Байзақовтың бір поэмасы да батыр туралы. Ал тарих ғылымының докторы, профессор Е.Бекмахановтың 19 ғасырдың тарихи оқиғалары туралы жазылған монографиясында Ағыбайдың батырлық тұлғасы жан-жақты сипатталған. 1992 жылы Қарағанды облысының Жезқазған қаласында Ағыбай батырдың 190 жылдығы, 2002 жылы Балқаш қаласында 200 жылдығы республикалық деңгейде аталып өтілді. Балқаш қаласында батырға ескерткіш орнатылды. ҚОҢЫРБАЙҰЛЫ АҒЫБАЙ | |
Просмотров: 990 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2] |
Патриоттық және мерекелер т.б [16] |
Шет ел әдебиеті мен тарихы [31] |
Шағын көлемді шығармалар [60] |
Әлеуметтану, саясаттану [69] |
Философия және логика [13] |
Қазақ тілі және тіл білімі [104] |
Елді мекендер, қалалар [2] |
Агро,шаруашылықтар [9] |
Курстык жумыстар [17] |
Ғылыми жұмыстар [62] |
Қазақстан тарихы [114] |
Тарихи тұлғалар [132] |
Еуразияшылдык [16] |
Ашық сабақтар [56] |
Дүние тарихы [30] |
Мәдениеттану [7] |
Информатика [68] |
Астрономия [61] |
Психология [6] |
Переводчик [4] |
Математика [14] |
Педагогика [77] |
Дипломдар [10] |
География [82] |
Биология [133] |
Экология [3] |
Дінтану [32] |
Физика [33] |
Химия [13] |
Құқық [27] |
Еңбек [7] |