Главная » Статьи » Тарихи тұлғалар |
Қазаққа ғана емес, жоңғар мен қалмаққа да, қытай мен орысқа да аты мәлім, ел мүддесі жолындағы күресте айтулы еңбегі сіңген қайраткер – Қазыбек Келдібекұлы. Жастайынан шешендігімен орынды төрелік жасай білгендігінен Бала би аталып, кейін қаздың қаңқылына үндес қоңыр дауысына қарай Қаз дауысты Қазыбек би атанған. Тәуке хан тұсында Орта жүздің биі болып, иісі қазаққа ортақ заңға айналған «Жеті жарғыны» жасасқан. Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандар тұсында да тура жолдан таймай, әділдікті ту еткен жоңғар-қазақ соғысында тұтастай Отан соғысын ұйымдастыруда іскерлікпен басшылық ісіне араласқан, аса қабілетті, айбынды кісі болған. Руаралық, жүзаралық хан-сұлтандар тартысы һәм халықаралық маңызды шиеленістер мен келісімдер Қазыбек бидің кесіміне тіреліп отырған. 1763 жылдың 11 наурызында жазылған Қазыбек би туралы Фрауендорофтың Ресей Сыртқы істер алқасына мәлімхатында: «Өйткені Арғынның ішіндегі ең күштісі – Қаракесек ұлысы. Оның барлық билігі Қазыбек бидің қолында. Қазыбек би бүкіл Орта жүзде ең басты би болып табылады. Оған Әбілмәмбет ханның өзі, сондай-ақ Абылай сұлтан, басқа да ұлыстардың сұлтандары мен ел ағалары жыл сайын келіп, әртүрлі кеңестер алады, тіпті Қазыбек бидің келісімінсіз Орта жүзде бірде-бір маңызды мәселе шешілмейді екен», — деп жазылған («Абылай хан» Өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдар. Астана баспасы – 2005. 350 бет). Ел аузында, халық әдебиетінде Қаз дауысы Қазыбек бидің шешендік сөздері мен билік кесімдері кең таралған. Жазба әдебиетке түскен сөздері де мол. Тарихи мұрағаттық құжаттарда, Қытай, Ресей жазбаларында көп деректер сақталған. | |
Просмотров: 1961 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2] |
Патриоттық және мерекелер т.б [16] |
Шет ел әдебиеті мен тарихы [31] |
Шағын көлемді шығармалар [60] |
Әлеуметтану, саясаттану [69] |
Философия және логика [13] |
Қазақ тілі және тіл білімі [104] |
Елді мекендер, қалалар [2] |
Агро,шаруашылықтар [9] |
Курстык жумыстар [17] |
Ғылыми жұмыстар [62] |
Қазақстан тарихы [114] |
Тарихи тұлғалар [132] |
Еуразияшылдык [16] |
Ашық сабақтар [56] |
Дүние тарихы [30] |
Мәдениеттану [7] |
Информатика [68] |
Астрономия [61] |
Психология [6] |
Переводчик [4] |
Математика [14] |
Педагогика [77] |
Дипломдар [10] |
География [82] |
Биология [133] |
Экология [3] |
Дінтану [32] |
Физика [33] |
Химия [13] |
Құқық [27] |
Еңбек [7] |