Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Тарихи тұлғалар

БҰҚАР ЖЫРАУ (1668 – 1781)

Бұқаралық ақпарат құралдары жоқ заманда қазақтың пікір алуандығын ақындар мен шешендер, билер білдіріп отырған. Әсіресе ел алдында беделді, сөзінің дуасы бар, бетті ақын-жыраулар ел тағдырына қатысты ой-пікір, көзқарастарды халық атынан билік алдына көлденең тартып отырған. Алайда бұл оңай іс емес. Оңай еместігінен де болар, Бұқар:

Ел бастау қиын емес,

Қонатын жерден көл табылады.

Қол бастау қиын емес,

Шабатын жерден ел табылады.

Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ, — деген екен. Енді бірде: Арту-арту бел келсе,

Атан тартар бүгіліп,

Алыстан қара көрінсе,

Арғымақ шабар тігіліп,

Алыстан жанжал сөз келсе,

Азулы сөйлер жүгініп, — депті. Мұны сол замандағы сөз қадірін, оның әлеуметтік маңызы мен парызын да айқындаған пікір десек болады. Әлбетте, хан алдына ұсақ-түйек емес, елдік мәні бар әлеуметтік һәм саяси істерге қатысты ой-пікір ұсынылған.

Орыспенен соғысып,

Басына мұнша көтерген

Жұртыңа жаулық сағынба…

Абылай ханның қасында

Бұқарекең жырлайды.

Жырлағанда не дейді,

Соғыспа деп жырлайды…

Өлетұғын тай үшін,

Қалатұғын сай үшін

Қылмаңдар жанжал ерегес.

Бұл қылықты қоймасаң,

Құдайдың бергеніне тоймасаң,

Көрерсің сонан теперіш, — дегендей елге, жұртқа зардапты істерден сақтандырып, тежеу сөз айтып отырады.

Бұқар жырау Абылай ханға қоғамдық пікірді айта білген. Бұл ханға бұқараның ойын біліп, ел ішінің ахуалын тануға, күнделікті һәм күрделі қаракет қимылдарының оң-терісін бағамдап отыруға әрі алдағы ісін бағдарлауға ой салып отырған.

«Ай, Абылай, Абылай»-лап бетті ханға басқаның тілі жетпес ел сөзін Бұқар ғана айтқан. Бұқар сөзі ел сөзі болғандықтан да халық жадында сақталып, бізге жеткен. Абыз жыраудың дана қартқа лайықты ғибратты сөздері бүгінгі ұрпаққа да ой салардай мағыналы.

1693-1787 жылдар аралығында өмір сүріп, билік тұтқасын ұстаған әз Тәукеден – Абылай хан тұсын қоса би болып, жырау болып билік пен халық арасындағы өткелдей болған қайраткер ақын, зерттеулер дерегі бойынша  «Бұқар ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің аралығындағы ақын» («XVIII-XIX қазақ ақындарының шығармалары». Алматы – 1962, 386 бет).  Бұқар жырлары елге кең таралған. Кезінде жұрт жатқа айтқан. Хатқа да түскен. Зерттеулер ресми түрде баспасөзде жариялана бастауын 1925 жылы «Таң» журналынан деп санайды.

Категория: Тарихи тұлғалар | Добавил: Anonymous (17.01.2013)
Просмотров: 2411 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4009
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 2
Қонақтар: 2
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!