Главная » Статьи » Тарихи тұлғалар |
Қазақ халқында елді аузына қаратқан даналығымен, кие қонған әулиелік қасиетімен, ақыл-парасаты, адамгершілік қасиетімен аттары аңызға айналған аналар аз емес. Халық олардың есімдерін еске сақтап қана қоймай, олардың әруақтарына бас ие, пір тұтып, өздерін кие, өмірлерін өнеге етіп, тағылымын ұрпақ санасына сіңіріп отырған. Бұл тұлғалардың зираттары, елі әспеттеп тұрғызған кесенелері ешкімнің зорлығынсыз-ақ халық тәу етіп баратын орындарға айналған. Сондай қасиетті тұлғаның бірі – Домалақ ана. Азан шақырып қойған есімі Нұрила болғанымен, қалың көпшілікке Домалақ ана атымен белгілі. Домалақ ана – ең алдымен, алланың нұры төгіліп, ұрпағы бірнеше тайпаға айналған елдің анасы. Домалақ ана кезінде батыр әрі би болған тарихи тұлға Бәйдібектің үш әйелінің бірі болғаны белгілі. Бүгінгі Албан, Суан, Дулат тайпалары Бәйдібектің Домалақ анадан туған Жарықшақ деген ұлының кіндігінен тараған. Домалақ ананың әулиелігі мен көрегендігі, парасаттылығы мен даналығы, адамгершілігі мен адалдығы жайында аңызбен астасқан әңгімелер көп. Соның бірі мынау: Бірде Бәйдібек баба жоқ кезде жауласып жүрген бөтен елдің адамдары келіп, оның бар жылқысын айдап кетеді. Олар жол-жөнекей Домалақ ана отауына жолығып, сусын сұрайды. Домалақ ана сусын беріп, олардан олжа қалайды. Үйір-үйір мол жылқыны оңай қолға түсіріп бара жатқандар «қалағаныңды ал» дейді. Сонда айдалып бара жатқан жылқының Бәйдібектікі екенін іштей танып, біліп тұрған Домалақ ана мал басы саналатын Сарыайғырды күндігімен ноқталап алып қалады. Өйткені Сарыайғыр бір кісінесе, қалған жылқылар қайтып келетінін біледі. Олар кеткен соң көп ұзамай жау қуып кеткен жылқыны іздеп Бәйдібек бабаның бәйбішесінен туған тоғыз ұл келеді. Домалақ ана тоғыз ұлға «сендер әрі бармай-ақ қойыңдар, жылқылар өздері қайтып оралады» десе, тоғыз ұл «тоқалдың сандырағын қайтеміз» деп ана сөзін елеместен, жылқы соңынан кетеді. Алайда тоғыз ұл жау қолынан түгел мерт болады да, Домалақ ана айтқандай Сарыайғырдың кісінеуінен кейін жылқылар дін аман түгел қайтып келеді. Домалақ ананың өмірі жүген-құрық тимеген шу асауды еш қарсылықсыз қолына тоқтатқан қасиеті, жылқының қайтып келетінін білген әулие, көрегендігі ел ішінде аңыз болып тарап кетеді. Ал тарихи құжаттарда Домалақ ананың 1378 жылы туып, 1456 жылы қайтыс болғандығы, әкесі Әли Сылан, анасы Нұрбике екені айтылады. Нағашы атасы Уәйіс кезінде Моғолстанның ханы болған деген де дерек бар | |
Просмотров: 2051 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2] |
Патриоттық және мерекелер т.б [16] |
Шет ел әдебиеті мен тарихы [31] |
Шағын көлемді шығармалар [60] |
Әлеуметтану, саясаттану [69] |
Философия және логика [13] |
Қазақ тілі және тіл білімі [104] |
Елді мекендер, қалалар [2] |
Агро,шаруашылықтар [9] |
Курстык жумыстар [17] |
Ғылыми жұмыстар [62] |
Қазақстан тарихы [114] |
Тарихи тұлғалар [132] |
Еуразияшылдык [16] |
Ашық сабақтар [56] |
Дүние тарихы [30] |
Мәдениеттану [7] |
Информатика [68] |
Астрономия [61] |
Психология [6] |
Переводчик [4] |
Математика [14] |
Педагогика [77] |
Дипломдар [10] |
География [82] |
Биология [133] |
Экология [3] |
Дінтану [32] |
Физика [33] |
Химия [13] |
Құқық [27] |
Еңбек [7] |