Главная » Статьи » Тарихи тұлғалар |
Керей хан – қазақ хандығының негізін қалағандардың бірі, Орыс ханның немересі Болат ханның ұлы. ХV ғасырдың 50 жылдарына дейінгі тарихи мәліметтерде Керей хан туралы деректер жоқ. ХV ғасырдың 50 жылдарының аяғында Керей хан Жәнібек ханмен бірге Өзбек хандығы тайпаларының бір бөлігін басқарып, Моғолстанға қоныс аударған. Моғолдардың ханы Есенбұға (1432-1464 жж.) Шу өзенінің бойынан жер бөліп берген. Есенбұға Әбілқайыр хан билеп отырған «Көшпелі өзбектер мемлекеті» халықтарының біраз бөлігінің Керей мен Жәнібектің қоластына өтуіне қарсы болмады. Өзіне қарсы сұлтандардан саси топтың көрші болғаны үшін Әбілқайыр Моғолстанға қарсы жорыққа шығады. 1468 жылы Әбілқайыр хан кенеттен қайтыс болып жорық тоқтатылады. Әбілқайыр өлімінен кейін «Көшпелі өзбектер мемлекетінде» хан тағы үшін күрес басталды. Керей мен Жәнібектің қоластындағы тайпалар Өзбек ұлысына қайта оралған соң тақ тартысы күшейе түсті. Соғыс басталып, Әбілқайыр ханның ұлы, хан тағының мұрагері Шейх Хайдар қолбасшылары бағынбағандықтан жеңіліске ұшырады. Шейх Хайдарды жақтайтындардың көпшілігінің көзі жойылып, тірі қалғандары жан-жаққа босып, бытырап кетті. «Көшпелі өзбектер мемлекетіндегі» билік Әбілқайыр хан әулетінен Керей мен Жәнібек қолына өтті. Керей хан есімі тарихи деректерде соңғы рет 1472-1473 жылдары Моғол ханы Жүністің ордасына Бұрыш Оғлан сұлтан шабуыл жасаған кезде айтылады. Тарихи материалдарда Керей ханның хандық билікті ұлы Бұрындыққа бергені туралы, Керей ханның өзбек ұлысын басқарған кезеңі, оның тағдыры, қай уақытта қандай жағдайда қаза болғаны туралы нақты мәліметтер көрсетілмеген. Керей хан 1472-1473 жылдардағы оқиғалардан кейін қайтыс болған деп есептеледі. | |
Просмотров: 1162 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2] |
Патриоттық және мерекелер т.б [16] |
Шет ел әдебиеті мен тарихы [31] |
Шағын көлемді шығармалар [60] |
Әлеуметтану, саясаттану [69] |
Философия және логика [13] |
Қазақ тілі және тіл білімі [104] |
Елді мекендер, қалалар [2] |
Агро,шаруашылықтар [9] |
Курстык жумыстар [17] |
Ғылыми жұмыстар [62] |
Қазақстан тарихы [114] |
Тарихи тұлғалар [132] |
Еуразияшылдык [16] |
Ашық сабақтар [56] |
Дүние тарихы [30] |
Мәдениеттану [7] |
Информатика [68] |
Астрономия [61] |
Психология [6] |
Переводчик [4] |
Математика [14] |
Педагогика [77] |
Дипломдар [10] |
География [82] |
Биология [133] |
Экология [3] |
Дінтану [32] |
Физика [33] |
Химия [13] |
Құқық [27] |
Еңбек [7] |