"КОДЕКС КУМАНИКУС" XIII - XIV ғғ. ҚЫПШАҚ ЖАЗБАСЫ
Қазақтың алғашқы сөздіктерінің бірі - "Кодекс куманикус" (куман-дегеніміз, қыпшақ сөзінің өзгертілген түрі). XIII ғасырдың екінші жартысынан бастап жинақталып 1303 жылы аяқталған. Бұл кітап шығарудың көне үлгісі екі бөлімнен тұрды. Олар: 1.Латын-парсы-қыпшақ сөздігі. 2. Қыпшақ-неміс-латын сөздігі.
Сөздікте көптеген сөздерге түсініктемелер және аудармалармен қатар елуге жақын көне қазақ жұмбақтары және көлемі жағынан шағын бірнеше христандық сипаттағы діни әңгімелер беріледі. Сыртқы тонды қағуға болмайды, Ішкі тонды бүктеуге болмайды. (Жұмыртқа)
Сенде жоқ, менде жоқ, Биік тауларда жоқ. Мәрмәр таста жоқ. Қыпшақ елінде де жоқ. (Құс сүті)
Бес басты елші бізге келеді. (Етіктің жыртығынан көрініп тұрған бес саусақ).
ұзын ағаштың бір шетінде отырып, ұлы жазу жаздым. "Алтын балықтың ұрпақтары келеді" - деп, өзім отырып, күттім. (Қармақ пен балық)
"Кодекс куманикус" кітабының жалғыз экземпляры Венецияда , әулие Марк шіркеуінің кітап сақтау қорында тұр. Орта ғасырлық көшпенділер кітабын Европаның өркендеу заманының көрнекті ақыны - Франческо Петрарка "оқып, зерттегені" туралы мәліметтер бар.
Көне жұмбақтар.
Көл жанындағы шөптен құлыншақ су ішеді. (Кірпіктегі жас)
|