Главная » Статьи » Тарихи тұлғалар |
Колумб Батыс теңіз жолымен Үндістан, Қытай, Жапон аралдарын ашамын деп барып, жаңа жерді – Американы ашып жүргенде, Васко до Гама Африканы айналып жүзіп, Үндістанды ашты, содан бастап Португалияның Азияны отарлауы басталды. Васко до Гама шамамен 1469 жылы Португалияда туған. Ол жасында Португалияны Испанияға қарсы соғысында ерлік көрсеткен, бірінші рет Гвинея жағалауын айналып жүзіп шыққан. 1492 жылы Васко до Гама Жуан II королінің тапсырмасын орындап, оның Францияда қалған алтын тиеген кемесін Португалияға алып келеді, содан аты әйгілі болады. 1497 жылы 8 маусымда Васко до Гаманың төрт кемелі экспедиясы Лиссабон портынан шығады. Бір апта жүзген васко до Гама Эскадрасы Камал аралдарына келеді. Содан кейінгі сапары сәтті болып, 4 қарашада Африка жағалауына келеді. Бұл жерді адмирал «әулие Елена» қойнауы деп атайды. Васко до Гама Африка жағалауындағы тұрғындар құлаққа тағатын мыстан басқаны бағаламайды және өздері шетінен батыл келеді деп жазады. Бұдан әрі жүзіп, өздерімен бірге келе жатқан Бартолимимен көрсетуімен Африка материгінің оңтүстік нүктесі «Добрая надежда» мүйісін айналып өтіп, 1497 жылы 25 қарашада Санто Барс қойнауына келіп бөгеледі. Мұнда тастан белгі қойып, бұрын Бартоломи келген Инфанд өзененен қарай Васко до Гама белгісіз теңіз жолымен жүзе біледі. Эскадрада ауыз суы азайып, екі кемені жөндеу қажет болып, енді бұлар кез келген жағаға тоқтайды. Бұл жердің халқы кафрилер деп аталады екен. Олар келгендермен жылы шырайлы болады, сондықтан бқл жерді Васко до Гама «жақсы адамдар жері» деп атайды. 1498 жылы 23 қаңтарда Эскадра Замбизи өзені жағасына жетіп, мұнда бір ай бөгеледі. Үнді мұхитынан жүзіп өтуге дайындық жасайды. Кемелерін бүтіндейді, ауырып өлген матростарды жерлейді Бұдан әрі жағалауға жақындай жүзіп, аралға келіп тоқтайды, мұндағы қаланы Момбаса деп атайды. Мұндағы Маврлар (мұсылмандар) Васко да Гамманы қалаға шақырып, қолға тұсірмек болады., оны сезген адмирал аралда аялдамайды. 14 сәуірде флот Малинда қаласына келіп тоқтайды. Бұл өте бай мұсылман қаласы еді, қала сұлтанына сыйлық беріп, азық-түлік алады және сұлтан Васко да Гаммаға тәжірибелі лоцман қосып береді. Оның аты Ахмет Ибн Маджит еді, оны португалдар Малемо Кана деп атайды. Ол бұрын Үндістанда болған, компас пен картаны пайдалана білетінтәжірибелі теңізші екен. Соның жол сілтеуімен Васко да Гамма ұзақ жүріп, 1498 жылы 10 мамырда Үндістан жағалауындағы қалаға – Каликутке келеді. Васко да Гама кемелерітеңіз айдынында аулақ тоқтайды. Бұларға төрт қайықпен келгендер оларды жағаға шақырады, бірақ Мозамбик пен Мобаса оқиғасынан «ауызы күйген» адмирал сақтық етіп, жай-жағдай біліп келуге бер теңізшісін жібереді. Ондағы Мусайд деген тілші оларды шақырып, Раджаның сарайына баруға көмектеседі. Бірақ Самудри-раджа оның отарлаушылардың бірі екенін біліп жақтырта қоймайды. Оның сауданы сылтауратып жергілікті байлықты игеруге келетінін араб көпестері алдын ала хабардар еткен. Енді Васко да Гамма раджалар шақыруына бармайды, қатты қауіптеніп кері қайтады. Олар үш ай бойы Үнді Мұхитындағы дауылдан шыға алмай, 2 ақпанда 1499 жылы Африка жағасындағы Малинда қаласына жетеді. Момбасаға өтіп теңізшілер азайып өлген соң «Сан-Рафаэль» кемесін өртеп жібереді. Васко да Гама «Добрая надежда» мүйісін айналып өтіп, Атлант Мұхитына шығып, содан 1499 жылы қыркүйекте Лиссабонға оралады. Халық Васконы үлкен құрметпен қарсы алады, өте көп шығынға ұшыраса да ол Колумб армандаған Үндістанды ашады. Бұл жолдың Европалықтар үшін саяси, экономикалық маңызы зор еді. Содан бастап Жерорта теңізінің маңызы төмендей бастайды. Васко да Гама Үндістаннан Португалияға келген соң, корольға Үндістанды бағындыру үшін географиялық экспедиция емес, әскери экспедиция жіберу қажеттігін айтады. Португалия королы Эммануил Үндістанды екінші рет жаулап алуға Васко да Гама бастаған 20 соғыс кемесін аттандырды. 1502 жылы 10 ақпанда Лиссабоннан шыққан бұл әскери экспедиция күзге қарай Каликутке жетті. Каликут раджасы мұндай арнайы келген жауға қарсылық көрсетпей, оның айтқанын істеп, сауда жасауға келісті. Васко да Гама маған қала төрт сағат ішінде бағынсын деп елші жіберді. Бірақ раджа жауап қатпады, бейбіт жатқан елге сауда жасауға келген европалвқтар соғыс ашады деп ойламап еді. Төрт сағат өткен соң Васко да Гама жергілікті халықты қырғынға ұшыратып басып алды, бұндай озбырлық европалықтардың ежелгі әдеті еді. Олар бұдан әрі Цейлон, Сумрата, Ява аралдарына дейін барып, бейбіт елді қырғынға салады. Мұны көрген Қытай халқы өзыне қарайтын бұл аралдардан португал басқыншыларын қуып жібереді. Португалияның географиялық зерттеулері Васко да Гаманың екінші экспедициясымен аяқталады. Енді олар біржола отарлау саясатына көшті. 1504 жылы Португалия королі Альфонс Албукеркті Үндістанда губернатор тағайындайды. Ол Үндістанды Партугалия отарына айналдырады. Албукерк одан кейін Малака Түбегін, Ява, Суматра, Целебес, бүкіл Зонд аралдарын Португалияға қаратты. Енді ол Меке, Медина, Египетті қаратпақ болды. Расында, шығыс порты Португалияның ықпалында еді, оның қаһары дүние жүзіне қарады. Албукерк өліміне дейін 1515 жылы Үндістанда зорлық зомбылық күшейе бастады. Король Жуан ІІІ Үндістаннан алтын, меруерт басқа да байлықтардың бұрынғыдай ағылып келмей жатқанына ызаланды. Сөйтіп, белгілі саяхатшы Васко да Гаманы сонда вице-король етіп тағайындады. Ол 1524 жылы 9 сәуірде Португалиядан Үндістанға келіп, Жергілікті басшыларға тыйым сала бастады, бірақ өзі кешікпей қайтыс болды. Үнділер Португалдарды өз жерінен қуды. Үндістанды енді Испания, одан соң Франция, кейіннен Англия капиталистері отарлай бастады. Васко да Гаманың нақты қай жылы туғаны белгісіз, дегенмен кейбір деректерге қарағанда, 1469 жылы туған деп шамалайды. Ол жасында Португалияның Испанияға карсы соғысында ерлік көрсеткен, бірнеше рет Гвинея жағалауын айнала жүзіп шыққан. 1492 жылы Васко да Гама II Жуан корольдің тапсырмасын орын- дап, оның Францияда қалған алтын тиеген кемесін Португалияға алып келеді, содан оның аты әйгілі болады. 1497 жылы 8 маусымда Васко да Гаманың төрт кемелі экспедициясы Лиссабон портынан шығады. Кемелерді ол мұқият қарап, оған керекті адамды өзі таңдап алады да, әрбір кемеге тәжірибелі адамдарды капитан етіп тағайындайды. Бір апта жүзген Васко да Гама эскадрасы Канар аралдарына келеді. Содан кейінгі сапары сәтті болып, 4 қарашада Африка жағалауына жетіп, зәкір тастайды. Бұл жерді адмирал «Әулие Елена» қойнауы деп атайды. Мұнда саяхатшылар сегіз күн аялдап, айналаға географиялық зерттеулер жүргізеді. Адмирал өз күнделігінде «Африка жағалауындағы тұрғындар құлаққа тағатын мыстан басқаны бағаламайды және өздері шетінен батыл келеді» деп жазады. Бұдан әрі жүзіп, өздерімен бірге келе жатқан Бартоломеудің жол көрсетуімен Африка материгінің оңтүстік нүктесі «Қайырлы Үміт» мүйісін айналып өтіп, Васко да Гама белгісіз теңізбен жүзе береді. Эскадрада ауыз су азайып, екі кемені жөндеу қажет болып, енді бұл ар беймәлім бір жағаға зәкір тастайды. Бұл жердің халқы кафирлер деп аталады екен, олар саяхатшыларды жылы шыраймен қарсы алады. Сондықтан бұл жерді Васко да Гама «жақсы адамдар жері» деп атай- ды. 1498 жылы 23 қаңтарда эскадра Замбези өзені сағасына жетіп, мұнда бір ай бөгеледі. Үнді мұхитынан жүзіп өтуге дайындық жасайды. Кемелерін бүтіндейді, ауырып өлген матростарды жерлейді. Васко да Гама Үндістаннан Португалияға келген соң, король оны Үндістанды жаулап алуға 20 соғыс кемесін беріп аттандырды. 1502 жылы 10 ақпанда Лиссабоннан шыққан бұл әскери экспедиция күзге қарай Каликутке жетеді. Каликут раджасы мұндай жауға қарсылық көрсетпей, олардың айтқанын істеп, сауда жасауға келісім береді. Васко да Гама төрт сағат ішінде қаламаған бағынсын деп раджаға елші жібереді. Ол бұған жауап қайтармайды, өйткені ол бейбіт жатқан елге сауда жасау үшін келген еуропалықтар соғыс ашады деп ойламағанды. Айтулы төрт сағат өткен соң Васко да Гама оның айлақтарындағы бүкіл бейбіт тұрған кемелерді басып алып, бейбіт қалаға зеңбіріктен оқ жаудырады, ғасырлар бойы тұрған сәулетті күмбезді үйлердің күлін көкке үшырып, еркін елді қырғынға ұшыратады. Мұндай озбырлық, еркін елді қанға бояу бөгде елді отаршылардың ежелгі әдеті болатын. Васко да Гама бұдан әрі Цейлон, Суматра, Ява аралдарына дейін барып бейбіт елді қырғынға ұшыратты. Мұны көрген қытай халқы өзіне қарайтын бұл аралдардан португал басқыншыларын қуып шығады. Португалияның географиялық зерттеулері Васко да Гаманың осы екінші экспедициясымен аяқталды. Енді олар біржола отарлау саясатына көшті. 1519-1522 жылдары Азияға батыс жолмен жету мақсатымен Испания ірі теңіз саяхатын ұйымдастырды. Экспедицияны ер жүрек, тәжірибелі теңізші, қайтпас жігерлі адам Фер- нан Магеллан басқарды. Бес кемеден құралған экспедиция Оңтүстік Америка жағалауына жетіп, материк пен Отты жер аралы арасындағы бұғаз (қазіргі Магеллан бұғазы) арқылы Оңтүстік Американы айналып өтеді. Одан әрі Тынық мұхитты кесіп өтіп, Филиппин аралдарына жетеді. Осында жергілікті тұрғындармен қақтығыс кезінде Магеллан қаза табады. Оның серіктері Тынық мұхитпен жүзіп, Оңтүстік Африканы айналып, Испанияға жалғыз ғана кемемен қайтып оралады. Осы дүние жүзін айналып өткен түңғыш саяхат Жердің шар торізді екенін, дүниежүзілік мұхиттың біртүтастығын және жер бетінің басым бөлігін су басып жатқанын біржолата дәлелдеді. | |
Просмотров: 1846 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2] |
Патриоттық және мерекелер т.б [16] |
Шет ел әдебиеті мен тарихы [31] |
Шағын көлемді шығармалар [60] |
Әлеуметтану, саясаттану [69] |
Философия және логика [13] |
Қазақ тілі және тіл білімі [104] |
Елді мекендер, қалалар [2] |
Агро,шаруашылықтар [9] |
Курстык жумыстар [17] |
Ғылыми жұмыстар [62] |
Қазақстан тарихы [114] |
Тарихи тұлғалар [132] |
Еуразияшылдык [16] |
Ашық сабақтар [56] |
Дүние тарихы [30] |
Мәдениеттану [7] |
Информатика [68] |
Астрономия [61] |
Психология [6] |
Переводчик [4] |
Математика [14] |
Педагогика [77] |
Дипломдар [10] |
География [82] |
Биология [133] |
Экология [3] |
Дінтану [32] |
Физика [33] |
Химия [13] |
Құқық [27] |
Еңбек [7] |